Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітапта не делінген?

Дүниедегі қиындықтарды кім шешіп бере алады?

КЕЙБІРЕУЛЕР үкімет басындағылардан үміт күтеді. Басқалары дүниежүзілік ынтымаққа адамзат бірлесе күш салу арқылы қол жеткізеді дейді. Ал сіз не ойлайсыз?

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады... Ол (жердегі) патшалықтардың бәрін қиратып, өзі мәңгі тұрады” (Даниял 2:44). Құдай Патшалығы жер бетіндегі барлық қиындықтарды шешеді.

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Құдай Патшалығы көктен билік етеді (Матай 10:7; Лұқа 10:9).

  • Құдай осы Патшалық арқылы көк пен жерге қатысты ниетін орындайды (Матай 6:10).

Құдай Патшалығы қашан келеді?

СІЗДІҢШЕ...

  • бұны ешкім білмейді

  • жақында

  • ешқашан

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді” (Матай 24:14). Ізгі хабар жер бетінде жеткілікті дәрежеде жарияланған соң, Құдай Патшалығы дүниедегі зұлымдықты біржолата жояды.

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Құдай Патшалығы нақты қай күні, қай уақытта келетінін ешбір адам білмейді (Матай 24:36).

  • Киелі кітапта алдын ала жазылған белгілерге қарап, Құдай Патшалығы жақында келетінін білуге болады (Матай 24:3, 7, 12).