Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙДЫҢ ЕҢ ҰЛЫ СЫЙЫН ҚАБЫЛ АЛАСЫЗ БА?

Құдайдың теңдессіз сыйына ризашылық білдіру

Құдайдың теңдессіз сыйына ризашылық білдіру

“Бізді талпындырушы күш — Мәсіхтің сүйіспеншілігі... Оның бәрі үшін өлгендегі мақсаты — өмір сүріп жатқандар енді өздері үшін емес, өздерінің игілігі үшін өлген Мәсіх үшін өмір сүрулері” (Қорынттықтарға 2-хат 5:14, 15).

ЕРЕКШЕ құнды сыйдың бәрі адамның бойында ризашылық сезімін ояту керек. Иса пайғамбар осыған үйреткісі келген. Бірде ол айықпас дертке шалдыққан он кісіні құлантаза сауықтырады. Сонда олардың тек “біреуі Құдайды бар даусымен мадақтап, қайта оралды”. Иса одан: “Сауыққандар он кісі емес пе еді, тоғызы қайда?”— деп сұраған (Лұқа 17:12—17). Бұдан не білеміз? Жұмыр басты пенделер өздеріне жасалған қайырымдылықты тез-ақ ұмытуға бейім!

Төлем құрбандығына тең келер басқа ешқандай сый табылмас. Құдайдың сіз үшін істеген осы жақсылығын қалай өтей аласыз?

  • Сый берушіні тани түсіңіз. Иса пайғамбардың төлем құрбандығы барлық адамды мәңгілік өмірге жеткізе алады. Алайда бізден де бір нәрсе күтіледі. Иса Құдайға айтқан дұғасында былай деген: “Мәңгілік өмірге ие болу үшін сені, жалғыз шынайы Құдайды, және өзің жіберген Иса Мәсіхті танып-білу керек” (Жохан 17:3). Айталық, бала кезіңізде біреу өміріңізді құтқарып қалды. Енді ол адамның кім екенін, сізді не үшін құтқарғанын білгіңіз келмес пе еді? Адамзатты өлімнен құтқаратын төлемді сый етіп берген Ехоба Құдай өзін танып-білгенімізді, тіпті оған жақын болғанымызды қалайды. Осыны растайтын Киелі кітапта “Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды” деген сөздер бар (Жақып 4:8).

  • Төлемге сеніңіз. “Кім Ұлға сенсе, мәңгілік өмірді иеленеді” (Жохан 3:36). Сонда сенетінімізді қалай көрсетеміз? Әрекетпен. Иә, төлемге сенетініміз іс-әрекетімізден көріну керек (Жақып 2:17). Негізі, қандай да бір сый берілгенде, біз қол созу, оны қабыл алу сияқты әрекеттер жасаймыз. Төлем сыйымен де дәл солай. Қалайша? Құдайдың талаптары қандай екенін білген соң, соларға сай өмір сүруіміз керек *. Құдайға дұға айтып, одан кешіруін және таза ар-ұждан сыйлауын сұраңыз. Құдайдың төлем құрбандығы оған сенетіндердің бәріне мәңгілік тыныштық, қауіпсіздік пен бақыт-береке әкеледі. Осыған толықтай сенімді болып, оған жақындай беріңіз (Еврейлерге 11:1).

  • Иса пайғамбарды Еске алу кешіне қатысыңыз. Төлемнің құнын ұмытпауымыз үшін Иса пайғамбар бір мейрам енгізді. Оны жыл сайын атап өтуді тапсырып: “Мені еске алу үшін осылай істеп тұрыңдар”,— деді (Лұқа 22:19). Биыл Ехоба куәгерлері Иса пайғамбарды Еске алу кешін 2017 жылдың 11 сәуірінде, сейсенбі күні күн батқан соң өткізеді. Бір сағатқа созылатын бұл бағдарлама барысында Иса пайғамбардың өлімінің маңызы мен оның қазір және болашақта берер баталары жайлы айтылады. Былтыр аталмыш кешке дүниежүзі бойынша 20 миллиондай адам қатысты. Сізді Құдайдың теңдессіз сыйына бізбен бірге алғыс білдіруге шақырамыз.

^ 7-абзац Құдайды танып-білудің, оған жақындаудың ең жақсы жолы — оның Сөзі Киелі кітапты зерттеу. Қалай зерттеуге болатынын Ехоба куәгерлерінің бірінен не біздің www.pr418.com сайтымыздан көріңіз.