Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ақиқат, қайдасың?

Ақиқат, қайдасың?

Ақиқатқа жету-жетпеу — өмір мен өлім мәселесі. Мысалы, “жұқпалы аурулар қалай таралады?” деген сұрақтың ақиқатына жеткеннің арқасында қанша жанның аман қалғанын ойлап көрейікші.

Мыңдаған жылдар бойы бұл сұрақтың жауабын ешкім білген жоқ. Індеттер болса миллиондаған өмірді аяусыз жалмап жатты. Уақыт өте ғалымдар мұның сырын ашты: ауруды көп жағдайда микроағзаларға жататын бактерия мен вирустар қоздырады екен. Жұмбақ болып келген ақиқаттың беті ашылғанда, көп аурудың алдын алу мен емін табу мүмкін болды. Бұл миллиардтаған адамның өмірін ұзартып, денсаулығын жақсартқан.

Өмірде басқа да маңызды сұрақтар бар. Мәселен, мына сұрақтардың ақиқатына жеткеніңіз өміріңізге қалай әсер етеді?

  • Құдай жайлы нені білген жөн?

  • Иса Мәсіх деген кім?

  • Құдай Патшалығы деген не?

  • Болашақтан не күтеміз?

Миллиондаған адам осы сұрақтардың жауабын тауып, мағыналы өмір кешіп жүр. Бұл жауаптардың сізге де берер пайдасы көл-көсір.

ШЫНДЫҚ БАР МА?

“Өмірде қандай да бір шындықты табу мүмкін бе, өзі?”— деп ойлайтын шығарсыз. Иә, бүгінде әлдененің ақиқатына жету барған сайын қиындап бара жатқандай. Мұның себебі неде?

Көп адам үкіметке, кәсіпкерлерге, журналистерге сенуден қалған. Естігендері рас па, әлде жай біреудің ойы ма, өтірік-шыны аралас па, әлде қып-қызыл өтірік пе — соны айыра алмай дал болуда. Сенбестік пен жалған ақпарат жайлап алған заманда адамдар белгілі бір фактіні қалай түсіндіру керектігіне қатысты ғана емес, тіпті ненің шындық екеніне қатысты бір мәмілеге келе алмай жатады.

Осыған қарамастан өмірлік мәні бар сұрақтардың шын жауабын табу әбден мүмкін. Қалай? Бұл үшін күнделікті өмірде тап болатын сұрақтардың жауабын қалай іздейтініңізді еске түсірейік.

ШЫНДЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ

Негізінде, біз күн сайын қандай да бір шындықты іздейміз. Джессиканың оқиғасы — соған бір дәлел. “Менің қызымның жержаңғаққа қатты аллергиясы бар. Ол тіпті жержаңғақтың титтей түйірлерінен өліп кетуі мүмкін”,— дейді ол. Сондықтан қызына тамақ сатып алғанда, ол өте абай болу керек. Ол былай дейді: “Алдымен, мен тамақтың құрамын мұқият оқимын. Сосын ізденіс жасаймын. Сол тағамға жержаңғақ түйірлерінің араласып кетпегенін білу үшін тіпті тауар өндірушілерге хабарласамын. Сондай-ақ сол кәсіпорынның өнімдері шынымен қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін басқа сайттарға я сенімді мәліметтерге жүгінемін”.

Сіздің күнделікті өмірдегі сұрақтарыңыз осы әйелдікіндей маңызды емес шығар. Алайда көкейіңіздегі сұрақтарыңызға жауап табу үшін ол сияқты ізденіп көрсеңіз болады:

  • Фактілермен танысу

  • Қосымша іздену

  • Сенімді мәлімет көздеріне жүгіну

Осындай қадамдар сізге де өмірлік мәні бар сұрақтарға шынайы жауаптар табуға көмек бере алады. Қалай?

АҚИҚАТҚА БАСТАР КІТАП

Джессика қызының аллергиясын қалай зерттесе, өмірлік маңызы бар сұрақтарды да дәл солай зерттеді. Ол былай дейді: “Киелі жазбаларды мұқият оқып, тыңғылықты зерттегенімнің арқасында мен ақиқатты таптым”. Дәл осылай миллиондаған адам Киелі жазбалардан мына сұрақтардың жауабын тапты:

  • Өмірге не үшін келдік?

  • Өлімнен кейін өмір бар ма?

  • Неге біз қиындық көреміз?

  • Құдай бар қайғы-қасіретті жою үшін не істеп жатыр?

  • Отбасымызды қалай бақытты ете аламыз?

Осы және басқа да сұрақтардың шынайы жауабын Киелі жазбаларды оқығанда және www.pr418.com сайтынан онлайн ізденіс жүргізгенде таба аласыз.