Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Құдай халқының игілігі үшін қам жейтін бағушылар

Құдай халқының игілігі үшін қам жейтін бағушылар

Көбісі билігі бар адамдар жайлы жақсы ойда емес. Бұл түсінікті-ақ. Тарих бойы адамдар биліктерін өз пайдасы үшін теріс қолданып келеді (Мих 7:3). Ал қауымда ақсақалдарымыз өздеріне берілген билікті Құдай халқының қамы үшін қолданатынына біз сондай ризамыз! (Ест 10:3; Мт 20: 25, 26)

Осы дүниедегі билік иелерінен айырмашылығы, ақсақалдар өз міндеттерін Ехобаны және оның халқын жақсы көргендіктен атқарады (Жх 21:16; Пт1х 5:1—3). Исаның қол астындағы бұл бағушылар әр жариялаушыға Ехобаның отбасында өзін жайлы сезінуге және оған жақын болып қалуға көмектеседі. Медициналық шұғыл көмек қажет болғанда не қандай да бір апат орын алғанда, бағушылар Ехобаның қойларына жігер беріп, көмек көрсетуге асығады. Егер сізге де көмек қажет болса, еш қысылмай, қауымыңыздағы ақсақалдардың біріне жолығыңыз (Жқ 5:14).

ЕХОБАНЫҢ ОТАРЫН ҚАМҚОРЛАЙТЫН БАҒУШЫЛАР” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Мариана ақсақалдар көрсеткен көмектің қандай игілігін көрді?

  • Елиас ақсақалдар көрсеткен көмектің қандай игілігін көрді?

  • Осы видеодағы оқиғаларға қарап, ақсақалдардың еңбегі жайлы не ойлайсыз?