Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Қызметте JW.ORG сайтының негізгі бетін қолданыңыз

Қызметте JW.ORG сайтының негізгі бетін қолданыңыз

Сайтымыздың негізгі бетінде шығып тұратын мақалалар мен видеолардың мақсаты — ақжүрек адамдарды шындыққа қызықтыру (Е.і 13:48). Жиі онда жаңалықтарда айтылған және жұрттың аузында, ойында жүрген тақырыптар қозғалады.

Қызметте jw.org сайтының негізгі бетін қалай қолдансаңыз болады?

  • Сайтты жиі тексеріп тұрыңыз. Негізгі бетте не шыққанын байқап, оны уағызда қалай қолдануға болатынын ойланып жүріңіз. (Негізгі бетте жақында шыққан басқа да тақырыптарды көру үшін “Көбірек көру” деген жерге кіріңіз.) Сайттан хабардар болып отырсаңыз, қызметіңізде қолдануға болатын жаңа тақырыптар табасыз.

  • Негізгі беттегі мәліметтерді әңгіме бастау үшін қолданыңыз. Бұл мәліметтер аумағыңыздағы адамдарды не мазалап жүргені жайлы сізге ой салуы мүмкін.

  • Адамдарға негізгі бетті көрсетіңіз. Нақты бір тақырыптарға назар аударыңыз және сайтта мәліметті қалай іздеуге болатынын көрсетіңіз.

  • Сілтемесін жіберіңіз. Кейбір адамдар бізбен бетпе-бет сөйлескісі келмесе де, сайтқа кіріп көруден бас тартпауы мүмкін. Сондықтан қызығушыларға негізгі беттің сілтемесін, я болмаса сондағы мақала мен видеоның сілтемесін жіберуден еш тартынбаңыз.