Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Оқырман сауалдары

Оқырман сауалдары

Яһудилердің ғибадатханасында кімдер сақшы болған? Олардың міндетіне не кірген?

Діни қызметкер болмаған кейбір леуіліктер сақшы сияқты міндеттер атқарған. Олардың үстінен ғибадатхананың бас сақшысы қарайтын. Яһуди жазушысы Филон сақшылардың қызметін былай суреттеген: “Сол леуіліктердің кейбірі ғибадатханаға кіретін қақпаларды күзеткен. Ал өзгелері қасиетті орынның алдында тұрған. Олар қасиетті орынға кіруге болмайтын адамдардың сол жерге әдейі не байқаусызда кіріп кетпеуін қадағалаған. Кейбір сақшылар ғибадатхананы айналып күзетіп жүрген. Олар бір-бірін алмастырып, күні-түні ғибадатхананы қарауылдайтын болған”.

Бұл сақшылар Жоғарғы кеңестің қарамағында болатын. Римдіктер тек осы сақшыларға ғана қару ұстауға рұқсат берген.

Иоахим Иеремиас деген ғалым былай деп түсіндіреді: “Сақшылар Исаны тұтқындаған кезде, Иса олардан ғибадатханада тәлім беріп жүргенде неге ұстамағандарын сұрайды (Мат. 26:55). Егер сол сақшылар ғибадатхананың сақшылары болмағанда, Иса олардан бұлай сұрамас еді”. Иоахим Иеремиас Исаны бұған дейін де тұтқындағысы келген сақшылар сол ғибадатхана сақшылары болған деп пайымдайды (Жох. 7:32, 45, 46). Кейінірек Жоғарғы кеңес ғибадатхананың бас сақшысы мен өзге сақшыларды елшілерді алып келуге жібереді. Елші Пауылды ғибадатханадан сүйреп шығарған да сол ғибадатхана сақшылары болса керек (Ел. іс. 4:1—3; 5:17—27; 21:27—30).