Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Дұғаның берері бар

Дұғаның берері бар

Шетелде тұратын Памела деген әйел ауыр дертке шалдыққан кезде кәсіби мамандардың көмегін іздей бастайды. Бірақ ол мұнымен ғана шектелген жоқ. Ол Құдайға дұға қылып, одан күш сұрады. Дұға қылғаны оған не берді?

“Қатерлі ісікке қарсы ем алып жүргенде, қорқыныш мені әрдайым алқымымнан алатын. Бірақ мен Ехоба Құдайға дұға айтқан сайын, жаныма бір тыныштық орнайтын және санамдағы тұман сейілгенін сезетінмін. Бұл ауру әлі де жаныма батады. Бірақ дұға маған жақсы ойлауға көмектеседі. Адамдар менен “қалайсың?” деп сұраған кезде мен “жағдайым мәз емес, бірақ көңілім мәз” деп жауап беремін”,— дейді Памела.

Әрине, дұға етуді бастау үшін өмірдің ауыр соққыларын күтіп отырудың қажеті жоқ. Бәріміздің басымызда қиындықтарымыз бар, бірі үлкен болса, бірі — кіші. Олармен арпалысу үшін бізге көмек қажет болып жатады. Бізге дұға көмектесе ала ма?

Киелі кітапта мынандай сөздер бар: “Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт, Ол сені демейді. Әділ жанның құлауына ол ешқашан жол бермейді” (Зәбүр 55:22). Бұл бір қанат өсірерлік сөздер, солай емес пе?! Сонымен, дұға бізге көмектесе ала ма? Құдайға дұрыс түрде дұға қылсаңыз, ол сізге қиындығыңызбен күресуге қажеттіні бере алады (“ Дұғаның берері мол” деген қоршауды қараңыз).