ӨМІРБАЯН
Біз Ехобаға ешқашан “жоқ” демеуді үйрендік
ТАЙФУННАН кейін өзендегі су лайланып, тіпті ірі тастарды ағызып әкетіп жатты. Буырқанған су көпірді де шайып кетті. Сондықтан күйеуім Харви, мен және амис тіліне аударатын бауырлас үшеуміз арғы бетке өте алмай, не істерімізді білмедік. Ал арғы бетте бауырластар бізді уайымдап тұрды. Біз кішкентай көлігімізді сәл үлкендеу жүк көлігінің артына тиеп алып, өзенді кесіп өте бастадық. Көлігімізді ештеңемен байламағандықтан, ол құлап кетпес үшін өте баяу жүрдік. Жол жеткізбестей ұзақ болып көрінді. Біз жол бойы Ехобаға дұға етіп, арғы бетке аман-есен жеттік. Бұл 1971 жыл еді. Бұл кезде біз туған жерімізден мыңдаған қашықтықта жатқан Тайваньның шығыс жағалауында жүрген едік. Қазір сіздерге өмірбаянымызды басынан бастап айтып берейін.
ЕХОБАНЫ ТАНИ БАСТАУЫМЫЗ
Харви төрт ұлдың тұңғышы болды. 1930 жылдары оның отбасы батыс Австралиядағы Мидленд Джанкшен деген жерде шындықты білді. Ол кезде экономикалық жағдай құлдырап тұрған еді. Харви кішкентайынан Ехобаны сүйіп өсті. Ол 14 жасында шомылдыру рәсімінен өтті. Ол жастайынан теократиялық тапсырмалардан бас тартпауды үйренді. Бірде бауырластар одан қауымда “Күзет мұнарасын” оқуды сұраған кезде, ол өзін лайықсызбын деп ойлап бас тартыпты. Бірақ бір бауырлас Харвиге былай депті: “Егер Ехобаның ұйымында біреу сенен бір нәрсе істеуді сұраса, онда оның сол іске сені лайықты санағаны” (Қор. 2-х. 3:5).
Мен анаммен және әпкеммен бірге шындықты Англияда білдім. Ал әкем шындықты біраз уақыттан кейін қабылдады. Бірақ басында ол қарсы болды. Мен небәрі 9 жасымда, әкемнің қарсы болғанына қарамай, шомылдыру рәсімінен өттім. Менің мақсатым ізашар, кейіннен миссионер болу еді. Алайда әкемнің маған 21 жасқа дейін ізашар болуға рұқсат беретін ойы жоқ еді. Сондықтан мен ұзақ күткім келмей, әкемнің рұқсатымен 16 жасымда Австралияда тұрып жатқан
әпкемнің үйіне көшіп кеттім. Сөйтіп, 18 жасымда өзім аңсаған ізашарлық қызметті бастадым.Австралияда мен Харвимен таныстым. Екеуміздің де қалауымыз Ехобаға миссионер болып қызмет ету болды. Біз 1951 жылы отау құрдық. Екі жыл ізашар болып қызмет еткеннен кейін, біз аудандық қызметке тағайындалдық. Біздің ауданымыз батыс Австралияның үлкен аумағын құрағандықтан, шалғай жерлерге жету үшін жиі шөл даламен жол жүретінбіз.
АРМАНЫМЫЗ ОРЫНДАЛДЫ
1954 жылы біз Ғалақат мектебінің 25-сыныбына шақырылдық. Осылай миссионер боламыз деген арманымызға бір табан жақындадық! Нью-Йоркке кемемен жетіп, мектепте Киелі кітапты терең зерттеуге кірісіп кеттік. Біз сабақтан бөлек, испан тілін де оқып жүрдік. Бірақ испан тілін меңгеру Харвиге қиынға соқты, себебі “р” әрпін испанша айта алмады.
Оқу барысында оқытушылар Жапонияда қызмет еткісі келетіндер жапон тілін үйрететін курсқа жазыла алатындарын айтты. Бірақ біз қайда тағайындалатынымызды өзіміз емес, Ехобаның ұйымы шешкенін қаладық. Көп ұзамай Ғалақат оқытушыларының бірі Альберт Шрёдер бауырлас біздің сол курсқа жазылмағанымызды біліп, бізді әлде де ойланып көруге шақырды. Біз екіойлы болып жүргенде, Шрёдер бауырлас келіп бізге: “Мен өзге оқытушылармен келісіп, сендерді жапон тілі курсына жазып қойдым. Жапон тіліне тілдерің келе ме екен, көріңдерші”,— деді. Харвиге испан тіліне қарағанда жапон тілін меңгеру анағұрлым жеңіл болды.
Сөйтіп, 1955 жылы біз Жапонияға көшіп бардық. Ол кезде бүкіл елде 500 ғана жариялаушы болды. Харвидің жасы 26-да, ал мен 24-те болатынмын. Біз Кобе деген кемежай қаласына тағайындалдық. Ол жерде 4 жыл қызмет еттік. Кейін біз қайтадан аудандық қызметке тағайындалып, Нагоя қаласына жақын жерде қызмет еттік. Қызметіміз өзімізге қатты ұнайтын. Ондағы бауырластарды да, жергілікті тағамдар мен қызмет етіп жатқан жерімізді де қатты жақсы көріп кеттік. Бірақ көп ұзамай Ехобаға “жоқ” демеудің тағы бір мүмкіндігі туды.
ЖАҢА ТАПСЫРМА МЕН ЖАҢА ҚИЫНДЫҚТАР
Үш жыл аудандық қызметте болғаннан кейін, Жапония филиалы бізге Тайваньдағы амис тайпасының адамдарына барып уағыздауды *. Жапониядағы қызметімізді қатты ұнатқандықтан, бізге шешім қабылдау оңай болмады. Бірақ Харви тапсырмалардан ешқашан бас тартпауды үйренгендіктен, біз сол жаққа баруға келістік.
ұсынды. Амис бауырластардың арасында жолдантаюшылық белең алған еді. Бұл мәселені шешу үшін Тайвань филиалы жапонша еркін сөйлейтін ер бауырласты қажет еттіБіз Тайваньға 1962 жылдың қарашасында көшіп бардық. Ол кезде Тайваньда 2271 жариялаушы болды, олардың көбісі амис тайпасынан еді. Алдымен, біз қытай тілін үйренуге кірістік. Қолымызда бір ғана оқулық болды, мұғаліміміз де ағылшынша сөйлемейтін. Соған қарамастан біз бұл тілді меңгеріп алдық.
Тайваньға келгеннен кейін көп ұзамай Харви филиал қызметшісі болып тағайындалды. Филиал кішкентай болғандықтан, Харви ондағы жұмыстарын да тындыратын, ай сайын үш апта бойы амис бауырластармен де қызметтесіп үлгеретін. Сондай-ақ ол арасында облыстық бақылаушының міндетін атқарып, конгрестерде баяндамалар айтатын. Амис бауырластар жапон тілін түсінетіндіктен, Харвидің баяндамаларды жапон тілінде айтуына болар еді. Бірақ үкімет діни кездесулерді тек қытай тілінде өткізуге рұқсат еткендіктен, Харви қиналып, баяндамаларды қытай тілінде айтатын. Ал бір ер бауырлас оны амис тіліне аударатын.
Тайвань елінде соғыс жағдайы енгізілгендіктен, бауырластар конгрестерді тек рұқсат алғаннан кейін ғана өткізе алатын. Ал рұқсат алу оңай іс емес еді. Полиция да біздің өтінішімізді қарастыруды кейінге шегере беретін. Полиция конгресс өтетін аптаға дейін рұқсат бермей жатса, Харви рұқсат алғанша полиция учаскесінен шықпай отырып алатын. Сонда полиция учаскесінде шетелдіктің отырғанына ұялған қызметкерлер рұқсаттарын тез-ақ беретін.
АЛҒАШ РЕТ ТАУҒА ШЫҚҚАН КЕЗІМ
Аптаның ішінде бауырластармен уағызға шығып, сағаттап жаяу жүретінбіз. Тауларды асып, өзендерді кешіп өтетінбіз. Алғаш рет тауға шыққан кезім есімде. Біз тез-тез таңғы асымызды ішіп алып, сағат бес жарымда автобуспен алыс ауылға қарай жол тарттық. Кейін біз жаяу жүріп, үлкен өзен арнасын кесіп өттік. Сосын биік тауға көтерілдік. Таудың тік болғаны сонша — алдымдағы бауырластың аяғы тура көзімнің деңгейінде тұрды.
Сол күні таңертең Харви жергілікті бауырластармен қызмет етті. Ал мен тұрғындары жапонша сөйлейтін кішігірім ауылда жалғыз өзім уағыздадым. Сағат бірлерге таман қарным ашып, кәдімгідей әлсіреп қалдым. Харвимен кездескен кезімде, қасында бауырластар жоқ екен. Харви қызметте бірнеше журналды үш шикі жұмыртқаға айырбастапты. Ол маған жұмыртқаның асты мен төбесін тесіп қалай ішуге болатынын көрсетті. Тәбетті ашатындай болып көрінбесе де, біреуін ішіп көрдім. Ал үшінші жұмыртқаны кім ішті дейсіз ғой? Мен іштім. Себебі қарным ашып, құлап қалсам, Харви мені таудан көтеріп түсіруге шамасы жетпес еді.
ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДА ЖУЫНҒАН КЕЗІМ
Бірде бір қызық жағдайды бастан кешірдім. Бұл аудандық конгрестің қарсаңы еді. Біз Патшалық сарайының дәл жанында тұратын бір ер бауырластың үйінде тоқтадық. Амис халқы жуынуға ерекше мән беретіндіктен, сол аудандық бақылаушының әйелі бізге жуынатын су дайындап берді. Харвидің қолы тимегендіктен, жуынуға бірінші мені жіберді. Қарасам, жуынуға қажетті нәрселер дайын тұр екен: бір шелек салқын су, бір шелек ыстық су және бір бос шылапшын тұрды. Ең қызығы, әйел бауырлас бұның бәрін үйдің сыртына, тура Патшалық сарайына көрінетін жерге, дайындап қойыпты. Ал Патшалық сарайында ер бауырластар конгреске дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан еді. Мен одан перде сияқты жауып тұратын бір нәрсе сұрадым. Ол маған артынан бәрі көрінетін клеенка әкеліп берді! Мен үйдің артқы жағына барып жуынуды ойладым. Бірақ ол жақта қаздар шарбақтан бастарын үрпитіп, қасына жолаған адамды шоқып алуға дайын тұрды. Сонда мен “ер бауырластар қызу жұмыс істеп жатыр, олар мені байқайтындай шамада емес. Жуынбай қойсам, үй иелері ренжіп қалады. Қой, жуына салайын” деп ойладым. Сөйтіп, жуынып-шайынып алдым.
ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ АМИС ТІЛІНДЕ ШЫҒУЫ
Харви амис бауырластарға рухани өсу не үшін қиын болып жатқанын түсінді. Олардың көбісі сауатсыз болатын және амис тілінде ешқандай әдебиет жоқ еді. Сол кездері амис тілінің жазба нұсқасы енді ғана пайда болып жатқан еді. Сондықтан бауырластардың өз ана тілдерінде оқуды үйренгені дұрыс болып көрінді. Бұл іс көп еңбекті талап етті. Бірақ соның арқасында бауырластар өз беттерінше зерттеу жүргізуді үйреніп алды. Амис тілінде әдебиеттер 1966 жылдары шыға бастады. Ал 1968 жылдан бастап “Күзет мұнарасы” жарық көретін болды.
Алайда үкімет қытай тілінен өзге тілдегі әдебиеттерге тыйым салған еді. Сондықтан қиындық тумас үшін, амис тіліндегі “Күзет мұнарасы” әртүрлі жолмен басылып отырды. Мысалы, бір кездері біз мандарин мен амис тілінде, яғни екі тілде жазылған “Күзет мұнарасын” қолданып жүрдік. Бізге күмәнмен қараған адамдарға біз жергілікті халыққа қытай тілін үйретіп жүргендей көрінетінбіз. Сол уақыттан бері Ехобаның ұйымы осы ақжүрек халық Киелі кітаптағы Ел. іс. 10:34, 35).
шындықтарды білу үшін амис тілінде әдебиеттерді көптеп шығарып келеді (ТАЗАРУ УАҚЫТЫ
1960 пен 1970 жылдары амис бауырластардың көбісі Құдайдың талаптарына сай өмір сүрмеді. Киелі кітаптағы принциптерді толық түсінбегендіктен, олардың кейбірі азғын өмір сүретін, маскүнемдікке салынып, шылым шегіп, бетел жаңғағын шайнайтын. Харви көптеген қауымдарға барып, бауырластарға осы мәселелерге қатысты Ехобаның көзқарасын түсіндіруге тырысатын. Мақаланың басында айтып кеткен жағдайға біз осындай сапарлардың бірінде кезіккен едік.
Кішіпейіл бауырластар өзгерістер жасауға дайын болды. Бірақ, өкінішке қарай, көбісі өзгеріс жасағысы келмеді. 20 жылдың ішінде Тайваньдағы жариялаушылардың саны 2450-ден 900-ге азайды. Әрине, бұл жанымызға қатты батты. Бірақ біз Ехобаның таза емес ұйымға ешқашан батасын бермейтінін жақсы түсіндік (Қор. 2-х. 7:1). Ақырында, қауымдар толықтай тазарды. Қазір Ехобаның батасының арқасында Тайваньда 11 000-нан астам жариялаушы бар.
1980 жылдардан бастап амис халқының рухани күйі әжептәуір жақсарды. Соның арқасында Харви қытай адамдарына көбірек уақыт бөле бастады. Ол көптеген әйел бауырластарымыздың күйеулеріне шындыққа келуге көмектесті. Сол ер адамдардың бірі алғаш рет Ехобаға дұға еткенде Харви өзінің қалай қуанғанын айтып бергені есімде. Мен де көптеген ақжүрек әйелдерге Ехобаға жақындауға көмектесе алдым. Мен тіпті бұрын өзім зерттеген әйелдің екі баласымен бірге Тайвань филиалында қызмет еттім!
ЖАРЫМНАН АЙЫРЫЛУЫМ
Қазір менің қасымда аяулы серігім жоқ. 2010 жылдың 1 қаңтарында Харви қатерлі ісіктен көз жұмды. Екеуміздің неке құрғанымызға 59 жылдай болып қалған еді. Ол өмірінің шамамен 60 жылын толық уақытты қызметке арнады. Мен оны әлі күнге дейін қатты сағынамын. Бірақ мен Жапония мен Тайваньда шындық енді тарала бастаған уақыттары күйеуіме қолдау көрсете алғаныма сондай қуанамын. Біз Азияның екі қиын тілінде сөйлеуді үйрендік. Харви тіпті сол тілдерде жазуды да үйреніп алды.
Бірнеше жылдан кейін, Басқарушы кеңес жасым келіп қалғандықтан Австралияға қайтқаным дұрыс болар деп шешті. Басында менің Тайваньнан кеткім келмеді. Бірақ Харви маған Ехобаның ұйымында ешқашан “жоқ” демеуді үйреткен еді. Сондықтан мен бұл ұсыныстан бас тартпадым. Кейінірек мен бұл шешімнің дұрыс болғанын түсіндім.
Қазір мен апта ішінде Австралазия филиалында қызмет етемін, ал демалыс күндері жергілікті қауыммен қызметтесемін. Мен Бетелде жапон және қытай тілдерінде экскурсиялар жүргіземін. Мен Ехоба уәде еткен қайта тірілу болатын кезді асыға күтіп жүрмін. Оған ешқашан “жоқ” демеуді үйренген Харвиді Ехоба жадында сақтайтынына сенімдімін (Жох. 5:28, 29).
^ 14-абзац Бүгінде Тайваньның ресми тілі — қытай тілі. Бірақ ол жерде көптеген жылдар бойы жапон тілі ресми тіл болып келген. Сондықтан Тайваньдағы көптеген тайпалар көбінесе жапон тілінде сөйлеген.