Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Күлімдеудің құдіреті!

Күлімдеудің құдіреті!

ЕКІ ҚЫЗ Багио қаласындағы (Филиппин) іскерлік аймақта кетіп бара жатады. Олардың көзі жол бойындағы әдебиет арбасына түседі, бірақ қасына бармайды. Арбаның қасында тұрған Хелен деген бауырлас оларға қарап кеңінен күлімдеп, езу тартады. Екі қыз әрі қарай кете барады. Бірақ әлгі бауырластың күлімсіреген жүзі оларға ерекше әсер қалдырады.

Кейінірек бұл екі қыз автобуспен үйлеріне қайтып бара жатқанда, Патшалық сарайының сыртындағы jw.org деген дәу жазуды көреді. Бұл жазуды олар алдында әдебиет арбасынан көрген болатын. Сонда екеуі автобустан түсіп, Патшалық сарайының қақпасында жазылған бірнеше қауымның кестесін қарайды.

Сөйтіп, екеуі келесі кездесулердің біріне келеді. Патшалық сарайына кіргенде, олар кімді көрді дейсіз ғой? Хеленді! Олар Хеленді бірден таниды, өйткені естерінде оның жарқырап күлімдеген жүзі қалып қойған еді. “Олардың маған қарай келе жатқанын көргенде, “бұлар маған не үшін келе жатыр?” деп кішкене абдырап қалдым”,— дейді Хелен. Екеуі Хеленге болған жағдайды айтып береді.

Екі қызға қауым кездесуі және бауырластармен араласу қатты ұнайды. Олар өздерін үйдегідей жайлы сезінеді. Кездесуден кейін бауырластардың Патшалық сарайын жинап жатқанын көргенде, олар: “Біз де көмектессек бола ма?”— деп сұрайды. Олардың бірі қазір Филиппиннен кетіп қалған, ал екіншісі қауым кездесулеріне келіп жүр, әрі Киелі кітапты зерттеу сабағын бастады. Мұның барлығы — сол бір күлімдеудің арқасы!