Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2 | “Жазбалардан алған жұбанышымыз”

2 | “Жазбалардан алған жұбанышымыз”

КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРДЫҢ АЙТАРЫ: “Бұрын жазылғандардың бәрі бізге тәлім болсын деп жазылған. Осылайша табандылығымыз арқылы және Жазбалардан алған жұбанышымыз арқылы үмітке ие бола аламыз” (РИМДІКТЕРГЕ 15:4).

Сөздердің мәні

Киелі жазбаларда көңілі сынық, жаны жүдеу жандарға жұбаныш болатын сөздер өте көп. Сол сөздер адамға жағымсыз ойлармен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ ол жерде үміт беретін де хабар бар: жақында жанымыз сыздамайтын кез келеді.

Пайдасы

Бәріміз де кей кездері мұңайып, жабырқап жатамыз. Бірақ депрессия немесе мазасыздық деген ауруға шалдыққандар күнде осындай сезімде жүреді. Оларға Киелі кітап қалай көмектесе алады?

  • Киелі кітапта жағымсыз ойларды алмастыратын көптеген жақсы ойлар бар (Філіпіліктерге 4:8). Олар санамызды тыныштыққа бөлеп, жұбатады. Сезімдерімізді де басқаруға күш береді (Зәбүр 94:18, 19).

  • Киелі кітап өзімізді төмен санамауға көмектеседі (Лұқа 12:6, 7).

  • Киелі кітаптың көп жерінде біз жалғыз емес екенімізді, Жаратушымыз Құдай біздің сезімдерімізді толықтай түсінетіні айтылған (Зәбүр 34:18; Жоханның 1-хаты 3:19, 20).

  • Киелі кітапта Құдай жаман естеліктерді “көңілден алып тастаймын” деп уәде етіп отыр (Ишая 65:17; Аян 21:4). Қорқынышты ойлар мен сезімдер бойыңызды басып алған кезде осы бір жарқын үміт сізге алға басуға күш берсін