Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сайтты қолдану әдістері

Сайтты қолдану әдістері

Негізгі бетке шыққан мақаланы кейін қалай табамыз?

Көп бауырластар jw.org сайтының негізгі бетіне шығатын мақалаларды қызметте қолданады. Олардың сілтемесін басқаларға жіберу оңай, әрі онда қазіргі әлемде боп жатқан оқиғалар Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткені түсіндіріледі. Бір ер бауырлас айтқандай, негізгі бетке шығып тұратын мақалаларда “тура қазір қызметте керекті тақырыптар қозғалады”.

Алайда бұл мақалалар үнемі жаңарып тұрады ғой, бұрын шыққандарын қалай табуға болады?

  • jw.org сайтының негізгі бетіне барып, басындағы суреттің астынан “Көбірек көру” деген сілтемені басыңыз. Сонда “Негізгі бетке жақында шыққан тақырыптар” деп аталатын мақалалар тізімі шығады.

  • jw.org сайтынан не “JW Library®” қосымшасынан “Кітапхана” санатына, сосын “Мақалалар топтамасына”, соның ішінен “Сан түрлі тақырыптар” бөлігіне кіресіз. Негізгі бетке шыққан мақалалардың көбісі осында.