Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

19-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ

22-ӘН Құдай Патшалығы келсін!

Ехоба зор алапатта адамдарды қалай соттайды?

Ехоба зор алапатта адамдарды қалай соттайды?

“Ол бірде-бір адамның жойылмағанын. . . қалайды” (ПЕТ. 2-Х. 3:9).

НЕГІЗГІ ОЙ

Ехоба болашақта адамдарды соттағанда, дұрыс әрі әділ шешім шығаратынына сенімді болсақ болады.

1. Неге біз ерекше уақытта өмір сүріп жатырмыз?

 БІЗ қазір ерекше уақытта өмір сүріп жатырмыз! Өйткені Киелі кітап пайғамбарлықтары күн сайын көз алдымызда орындалып жатыр. Мысалы, “солтүстік патшасы” мен “оңтүстік патшасының” бүкіл әлемге үстемдік ету үшін бір-бірімен текетіресіп жатқанын көріп жүрміз (Дан. 11:40). Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабардың да бұрын-соңды болмағандай кең көлемде уағыздалып, миллиондаған адамның соған құлақ асып жатқанына куәміз (Ишая 60:22; Мат. 24:14). Сондай-ақ ағыл-тегіл мол рухани ас-суды “уақтылы” алып жатырмыз (Мат. 24:45—47).

2. Біз не нәрсеге сенімді бола аламыз және нені мойындауымыз керек?

2 Ехоба алда болатын маңызды жайттарға қатысты түсінігімізді барған сайын арттырып жатыр (Нақ. с. 4:18; Дан. 2:28). Зор алапат басталғанда бірлігіміз бұзылмай, адал болып қалу үшін нені білуіміз қажет болса, соның бәрін өз уақытында білетінімізге сенімді болсақ болады. Бірақ алда болатын кейбір жайттарды қазір білмейтінімізді мойындауымыз керек. Біз бұл мақалада, алдымен, кейбір оқиғаларға қатысты түсінігімізді не үшін өзгерту қажет болғанын қарастырамыз. Ал кейін болашаққа қатысты және сол кезде Ехоба қалай әрекет ететініне қатысты біз білетін жайттарды қарастырып өтеміз.

БІЗ НЕНІ БІЛМЕЙМІЗ?

3. Бұрын біз зор алапат басталғанда Ехобаға сенбейтіндермен не болады деп ойладық және бұлай тұжырымдауға не себеп болды?

3 Бұрын біз зор алапат басталғанда Ехобаға сенбейтіндер үшін оның жағына шығып, Армагеддоннан аман өтуге тым кеш болады деп ойладық. Бұлай тұжырымдаған себебіміз, Топан су кезін біз түпбейне деп қарастырып келдік. Мысалы, Ехоба Топан су басталар алдында кеменің есігін жауып қойғанындай, зор алапат басталғанда да Шайтанның дүниесі үшін “есікті жауып қояды”, яғни сол сәттен бастап адамдарда құтқарылуға мүмкіндік болмайды деп ойладық (Мат. 24:37—39).

4. Қазір Топан су оқиғасын түпбейне деп қарастырамыз ба? Түсіндіріңіз.

4 Топан су оқиғасын түпбейне деп қарастыруымыз керек пе? Жоқ. Өйткені Киелі кітаптың өзі бұлай деп қарастырмайды a. Иса “Нұх пайғамбардың заманын” өзінің “осында болатын” кезімен салыстырған. Бірақ ол Топан су оқиғасын түпбейне деп, яғни әрбір адам не әрбір жағдай бірдеңені бейнелейді деп айтпаған және кеме есігінің жабылуының да қандай да бір пайғамбарлық мәні бар демеген. Бірақ бұл Нұхтың өзінен және Топан су оқиғасынан ешқандай тәлім ала алмаймыз деген сөз емес.

5. а) Топан судың алдында Нұх не істеді? (Еврейлерге 11:7; Петірдің 1-хаты 3:20) ә) Нұхтың уағызы мен біздің уағызымыз қай жағынан ұқсас?

5 Ехобаның ескерту хабарын естіген соң, Нұх сенімін көрсетіп, кеме соға бастады (Еврейлерге 11:7; Петірдің 1-хаты 3:20 оқыңыз). Сол сияқты Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабарды естіген адамдар да сенім танытып, әрекет етулері керек (Ел. іс. 3:17—20). Петір Нұхты “әділдікті уағыздаушы” деп атаған (Пет. 2-х. 2:5). Бірақ алдыңғы мақалада айтылғандай, Нұх Топан суға дейін жер бетіндегі әрбір адамға уағыздаған ба, жоқ па — оны білмейміз. Бүгінде біз ізгі хабарды дүниежүзі бойынша уағыздап жүрміз және оны зор құлшыныспен атқарудамыз. Бірақ қанша күш салмайық, осы заманның соңы келгенше жер бетіндегі әрбір адамға ізгі хабарды жеткізе алмаймыз. Неге олай дейміз?

6, 7. Осы дүниенің соңы келгенше біз жер бетіндегі әрбір адамға ізгі хабарды жеткізе алмаймыз деп тұжырымдау неге орынды? Түсіндіріңіз.

6 Уағыз ісінің ауқымы жайлы Исаның не дегенін қарастырайық. Ол “ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалатынын” айтқан (Мат. 24:14). Бұл пайғамбарлық қазір бұрын-соңды болмағандай кең көлемде орындалып жатыр. Мысал үшін, Патшалық жайлы ізгі хабарды адамдар 1000-нан астам тілде ести алады. Бұл хабар jw.org сайтымыздың арқасында дүниедегі халықтардың басым бөлігіне қолжетімді.

7 Алайда Иса шәкірттеріне: “Адам Ұлы келгенше, Исраилдің барлық қалаларын аралап үлгермейсіңдер”,— деген, яғни олардың әрбір адамға уағыздауға мүмкіндігі болмайтынына меңзеген (Мат. 10:23; 25:31—33). Исаның айтқан сөздері біздің күндерімізге де қатысты. Бүгінде миллиондаған адам уағыз ісіне қатаң тыйым салынған елдерде тұрады. Оның үстіне, әр минут сайын жүздеген бала дүниеге келеді. Әрине, біз “әрбір ұлт, ру, тіл және халыққа” ізгі хабарды жеткізу үшін барымызды саламыз (Аян 14:6). Бірақ осы дүниенің соңы келгенше біз ізгі хабарды жер бетіндегі әрбір адамға жеткізіп үлгере алмаймыз.

8. Ехобаның болашақта адамдарды қалай соттайтынына қатысты қандай сұрақ туындайды? (Суреттерді де қараңыз.)

8 Осы орайда сұрақ туындайды: “Зор алапат басталғанға дейін ізгі хабарды естуге мүмкіндігі болмаған адамдармен не болады? Ехоба мен барлық сотты жүргізетін оның Ұлы сол адамдарға қатысты қандай шешім шығарады?” (Жох. 5:19, 22, 27; Ел. іс. 17:31) Осы мақаланың негізгі тармағында айтылғандай, Ехоба “бірде-бір адамның жойылмай, бәрінің өкінгенін қалайды” (Пет. 2-х. 3:9; Тім. 1-х. 2:4). Десе де көтерілген осы сұраққа қатысты Ехоба ештеңе айтпағанын мойындауымыз керек. Негізі, ол өзінің не істегенін, не істейтінін бізге айтуға міндетті емес.

Зор алапат басталғанға дейін ізгі хабарды естуге мүмкіндігі болмаған адамдарға қатысты Ехоба қандай шешім шығарады? (8-абзацты қараңыз) c


9. Ехоба өз Сөзінде бізге нені ашқан?

9 Ехоба өз Сөзінде болашақта не істейтініне қатысты кейбір жайттарды ашқан. Мысалы, Киелі кітапта ол “әділетсіздерді”, яғни ізгі хабарды естіп, өмірлерін өзгертуге мүмкіндігі болмаған адамдарды қайта тірілтетіні айтылған (Ел. іс. 24:15; Лұқа 23:42, 43). Бұл орайда тағы да басқа маңызды сұрақтар туындайды.

10. Бізде тағы қандай сұрақтар туындайды?

10 Зор алапат кезінде қайтыс болған адамдардың бәрі мәңгіге жойыла ма? Олардың қайта тірілуге еш үміті болмай ма? Киелі кітаптан нақты білетініміз, Ехоба мен оның еркіне қарсы шыққан адамдар Армагеддонда біржола жойылып, қайта тірілмейді (Сал. 2-х. 1:6—10). Ал зор алапат кезінде аурудан, қарттықтан, оқыс оқиғадан не біреудің қолынан өлгендер жайлы не деуге болады? (Уағ. 9:11; Зәк. 14:13) Олардың кейбірі жаңа дүниеде “әділетсіздермен” бірге қайта тіріле ме? Біз бұны білмейміз.

БІЗ НЕНІ БІЛЕМІЗ?

11. Адамдар Армагеддонда не нәрсеге қарап сотталады?

11 Болашақта болатын оқиғаларға қатысты кейбір жайттар бізге мәлім. Мысалы, біз адамдар Армагеддонда Мәсіхтің бауырларын қолдады ма, жоқ па — соған қарап сотталатынын білеміз (Мат. 25:40). Майланғандар мен Мәсіхті қолдайтындар болашақта “қой” деп табылады. Тағы бір білетініміз — Мәсіхтің бауырларының кейбірі зор алапат басталғанда әлі де жер бетінде болады. Олар көкке Армагеддонның дәл алдында ғана әкетіледі. Демек, Мәсіхтің бауырлары жер бетінде жүрген кездің бәрінде ақжүректі адамдардың оларды және олардың ісін қолдауға мүмкіндіктері болатынға ұқсайды (Мат. 25:31, 32; Аян 12:17). Бұл жайттарды ескеру неге маңызды?

12, 13. “Ұлы Бабылдың” құлағанын көріп кейбіреулер не істеуі мүмкін? (Суреттерді де қараңыз.)

12 Тіпті зор алапат басталғаннан кейін, кейбір адамдар “Ұлы Бабылдың” құлағанын көріп “Ехоба куәгерлері бұл жайлы баяғыдан айтып жүрген еді ғой” деп еске алуы мүмкін. Осы кезде кейбіреулер Ехобаға сене бастауы мүмкін бе? (Аян 17:5; Езек. 33:33).

13 Егер бұл солай болса, бұл Мысырдағы жағдайға ұқсайтын болады. Исраилдіктер Мысырдан шыққанда, “олармен бірге көптеген жатжұрттықтар да шыққан”. Еріп шыққан сол адамдардың кейбірі Мұса айтқан он жазаның орындалғанын көріп Ехобаға сенген болуы мүмкін (Мұс. 2-ж. 12:38). Ұлы Бабыл құлағанда да жағдай осылай болып жатса, не істейміз? Арамызға Армагеддон дәл тақалған сәтте қосылғандары үшін оларды жазғырып, “бұл әділетсіздік қой!” дейміз бе? Әрине, жоқ! Өйткені біз көктегі Әкемізге еліктейміз. Ол — “мейірімді де жанашыр, ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мол және әрдайым сөзіне адал Құдай” b (Мұс. 2-ж. 34:6).

Кейбір адамдар “Ұлы Бабылдың” құлағанын көргенде, “Ехоба куәгерлері бұл жайлы баяғыдан айтып жүрген еді ғой” деп еске алатын болады (12, 13-абзацтарды қараңыз) d


14, 15. Адамның болашақта мәңгі өмір сүруі оның қашан өлетініне немесе қай жерде тұратынына байланысты ма? Түсіндіріңіз. (Зәбүр 33:4, 5)

14 Кейбір бауырластардың: “Туыстарым зор алапатқа дейін қайтыс болса, қайта тірілуге үміті болар еді”,— дегенін естіп жатамыз. Әрине, олар бұндай сөздерді игі ниетпен айтады. Бірақ адамның болашақта мәңгі өмір сүруі оның қашан өлетініне байланысты емес. Ехоба — кемелді Төреші, ол үнемі дұрыс әрі әділ шешім шығарады (Зәбүр 33:4, 5 оқыңыз). Сондықтан “бүкіл әлемнің Төрешісі” болашақта да әділ әрекет ететініне сенімді бола аламыз (Мұс. 1-ж. 18:25).

15 Адамның болашақта мәңгі өмір сүруі оның қай жерде тұратынына да байланысты емес деу қисынды. Бүгінде кейбір адамдар Патшалық хабарын есту мүмкін емес жерлерде тұрады. Сондай жерлерде тұратын миллиондаған адамды Ехоба болашақта автоматты түрде “серкелерге” жатқыза салады деу мүлдем қисынсыз (Мат. 25:46). Бізге сол адамдарды уайымдауға еш себеп жоқ. Бүкіл әлемнің Төрешісі оларды бізден де қатты жақсы көретінін ұмытпайық. Зор алапатта Ехоба жағдайды қалай бағыттайтынын біз білмейміз. Ол барлық халықтарға өз киелілігін паш еткенде, бәлкім, кейбір адамдардың ол жайлы біліп, оған сенім дамытып, оның жағына шығуға мүмкіндіктері болар (Езек. 38:16).

Зор алапат басталғаннан кейін. . . кейбіреулер Ехобаға сене бастауы мүмкін бе?

16. Біз Ехоба жайлы не білеміз? (Суретті де қараңыз.)

16 Біз Киелі кітаптан адамның өмірі Ехоба үшін қаншалықты бағалы екенін білеміз. Әрқайсысымызда мәңгі өмір сүруге үміт болу үшін ол өзінің Ұлын құрбан еткен (Жох. 3:16). Бәріміз Ехобаның сүйіспеншілігін сезініп жүрміз (Ишая 49:15). Ехоба әрқайсысымызды жеке-жеке таниды. Ол бізді жақсы білетіні сонша — өмірден өтіп жатсақ, біздің өзімізге тән ерекшеліктерімізді және жадымыздағы естеліктерді түгел қалпына келтіре алады! (Мат. 10:29—31). Мұның бәрі көктегі сүюші Әкеміз Ехобаның әрбір адамды даналықпен, әділдікпен және мейірімділікпен соттайтынына сенімділік береді (Жақ. 2:13).

Ехобаның әрбір адамды даналықпен, әділдікпен және мейірімділікпен соттайтынына сенімді болсақ болады (16-абзацты қараңыз)


17. Келесі мақалада не қарастырамыз?

17 Осы айқындала түскен түсініктер уағыз ісінің қазір бұрын-соңды болмағандай шұғыл екенін көрсетеді. Неге олай дейміз? Бізге ізгі хабарды кейінге қалдырмай, уағыздай беруге не қозғау салады? Бұл сұрақтарды келесі мақалада егжей-тегжейлі қарастырамыз.

76-ӘН Мадақтау құрбандығын ұсынамыз

a Неге бұндай өзгеріс болғаны жайлы білу үшін “Өйткені сенің қалауың осы еді” деген мақаланы қараңыз (“Күзет мұнарасы”, 2015 жыл, 15 наурыз, 7—11 б.).

b Ұлы Бабыл жойылған соң, Магог жеріндегі Гог Құдай халқына шабуылдағанда, Ехобаның барлық қызметшілері сыналады. Сол кезде Ұлы Бабыл жойылған соң Құдай халқына қосылғандар да сыналады.

c СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ : Дүниежүзінде кең таралған уағыз ісі жайлы неге кейбіреулер естімеуі мүмкін екені үш суретте көрсетілген: 1) Әйел діни елде тұратындықтан, онда уағыздау қауіпті; 2) Ерлі-зайыпты тұратын елде саяси жүйеге байланысты уағыздау заңсыз әрі қауіпті; 3) Ер жігіт жету қиын өте шалғай жерде тұрады.

d СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Кезінде шындықтан кетіп қалған әйел “Ұлы Бабылдың” жойылуы жайлы еске түсіріп жатыр. Ол Ехобаға қайта оралуды шешіп, мәсіхші ата-анасының үйіне келді. Осындай жағдайлар орын алып жатса, көктегі Әкемізге еліктеп, мейірімділік пен жанашырлық танытамыз әрі бауырласымыздың оралғанына қуанамыз.