Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ

Сарбаз баладан жалпы ізашарға айналдым

Сарбаз баладан жалпы ізашарға айналдым

ОН АЛТЫ жаста болғанымда бүлікші сарбаздар мені өз қатарларына қосылуға мәжбүрледі. Олар мені есірткі мен ішімдікке тойдыратын, сондықтан шайқасқа жиі есірткіге мастанған күйі қатысатынмын. Мен көп соғысқа қатысып, жантүршігерлік қатыгездіктер жасадым. Ол үшін қатты өкінемін.

Бір күні біздің казармада бір қарт Куәгер уағыздап жүрді. Бүлікші болғандықтан адамдардың көбісі бізден қорқатын және жек көретін. Ал бұл кісі бізге рухани көмек көрсеткісі келді. Ол мені қауым кездесуіне шақырды, мен бардым. Кездесуде не айтылғаны нақты есімде жоқ, бірақ адамдардың маған танытқан жылы шырайлары әлі есімде.

Соғыс үдей түскенде Куәгерлермен байланысым үзіліп қалды. Соғыста қатты жарақат алғандықтан, мен айығу үшін бүлікшілердің бақылауындағы жерге жеткізілдім. Бірақ соғыс аяқталмай тұрып мен үкіметтің бақылауындағы жерге қашып бардым. Ол жерде қарусыздандыру мен әскерден қайтару және сарбаздарды қоғамға қайта қосу бағдарламасына жазылдым.

Мен рухани көмекке қатты мұқтаж едім. Сондықтан шіркеуге бардым, бірақ шіркеу мүшелері мені өзара Шайтан деп атады. Сөйтіп мен Ехоба куәгерлерін іздей бастадым. Оларды тапқаннан кейін, Киелі кітапты зерттеп, қауым кездесулеріне бара бастадым. Бұрынғы жасаған зұлым істерімді мойындағанда, бауырластар маған Исаның: “Дәрігер денсаулығы жақсы адамдарға емес, ауруларға қажет... Мен әділдерді емес, күнәкарларды өкінуге шақыру үшін келдім”,— деген жұбаныш беретін сөздерін оқып берді (Мат. 9:12, 13).

Бұл сөздер маған қатты әсер етті! Мен қанжарымды менімен зерттеп жүрген бауырласқа беріп, былай дедім: “Мен бұл қаруды бүлікшілерден қорғану үшін ұстап жүрген едім. Енді оның маған қажеті жоқ. Өйткені Ехоба мен Исаның мені жақсы көретінін білемін”.

Бауырластар маған жазу мен оқуды үйретті. Ақырында мен шомылдыру рәсімнен өтіп, жалпы ізашар болдым. Бұрынғы бүлікшілерге уағыздағанда, олар өмірімді өзгерткенім үшін мені құрметтейтіндерін айтады. Мен тіпті бұрынғы тобымның офицерімен Киелі кітап зерттеу сабағын өткіздім.

Сарбаз болып жүргенімде, дүниеге үш балам келді. Шындықты білгеннен кейін, мен оларға рухани тәрбие бергім келді. Қуанышыма орай, ұлдарымның екеуі шындықты қабылдады! Бір ұлым — шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы. Ал тұңғыш ұлым қосалқы ізашар болып қызмет етеді.