Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ

Алмаздан да құнды нәрсе

Тамба Джосия

Алмаздан да құнды нәрсе
  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1948

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1972

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Шындықты білгенге дейін алмаз кенінде жұмыс істеген. Бүгінде ол Сьерра-Леонеде филиал комитетінің мүшесі болып қызмет етеді.

1970 жылы мен Кенеманың солтүстігіндегі алмаздарға бай Тонго алаңындағы Британияның кен өндіру компаниясында жұмыс істедім. Сондай-ақ бос уақытымда да алмаз іздеумен айналысатынмын. Ал тауып алған жағдайда жақсы киімдерімді киіп алып, Кенемаға баратынмын. Ол жерде асыл тастарды сатып, тапқан ақшама көңіл көтеретінмін.

1972 жылы мен Ехоба куәгерлерін кездестіріп, Киелі кітапты зерттей бастадым. Бес айдан кейін шомылдыру рәсімінен өтуге дайын болдым. Алайда жұмыста берілетін демалыс күндерім біткендіктен, конгресте шомылдыру рәсімінен өте алуым үшін, әріптесімнен менің орныма жұмыс істей тұруын өтіндім. Ол бір апталық жалақымды берген жағдайда ғана келісетінін айтты. Мен үшін шомылдыру рәсімінен өту ақшадан әлдеқайда маңызды болғандықтан, оның қойған шартына қуана келістім. Конгрестен қайтып келгенімде, Құдайға қызмет етуді дұрыс іс деп тапқан әріптесім бір апталық жалақымды алудан бас тартты. Алты айдан кейін мен табысы жоғары жұмысымды тастап, арнайы ізашар ретінде “көкте қазына жинауды” шештім (Мат. 6:19, 20).

18 жыл бойы мен елдің әртүрлі аудандарында арнайы ізашар және аудандық бақылаушы ретінде қызмет еттім. Мен Кристиана есімді адал әрі маған қолдау көрсететін бауырласқа үйлендім және біздің Линет есімді қызымыз дүниеге келді.

Бұрында мен алмаздарды тапқым келетін, бірақ қазір олардан әлдеқайда құнды нәрсеге, рухани қазынаға қол жеткіздім

Сьерра-Леонеде болған азаматтық соғыс кезінде Кристиана екеуміз алмаз кеніне бай Бо қаласында ізашар болып қызмет еттік. Бұл жерде біз көптеген “асыл тастарды” — Исаның шынайы ізбасарларын — таптық. Төрт жылдың ішінде біздің қауымымыз 60-тан аса пайызға өсті. Бүгінде Бо қаласында өркендеп жатқан үш қауым бар.

Мен 2002 жылы Сьерра-Леонедегі филиалға комитет мүшесі болып қызмет етуге шақырылдым. Кристиана екеуміз Бетелге жақын жерде тұрғандықтан, мен күн сайын Бетелге барып-келіп жүремін. Ал әйелім — арнайы ізашар. Қызым Линет болса Бетелде крио тіліне аударатын топта қызмет етеді.

Бұрында мен алмаздарды тапқым келетін, бірақ қазір олардан әлдеқайда құнды нәрсеге, рухани қазынаға қол жеткіздім. Сондай-ақ мен 18 рухани “алмазды”, яғни Мәсіхтің шынайы шәкірттерін таптым. Шынында да, Ехоба маған батасын үйіп-төгіп берді.