Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2014 жылғы жылдық мәтін

“Сенің Патшалығың келсін!” (Матай 6:10).

2014 жылғы жылдық мәтін

Шамамен жүз жыл бұрын Ехоба Құдай Исаны көкте патша етіп тағайындады. Сол уақыттан бері Құдайдың қызметшілері Мәсіхтің Патшалығы әкелетін баталар жөнінде құлшыныспен жариялап жүр. Елестетіп көрші, Исаның сүйіспеншілікпен жүргізетін билігінің астында жер жұмаққа айналады және онда бір-бірін шын жақсы көретін адамдар өмір сүретін болады. Ол жерде қылмыс та, соғыс та, ауру да, қайғы-қасірет пен өлім де болмайды.

Көп ұзамай осы баталардың барлығы шындыққа айналады. Құдай Патшалығы — шынайы үкімет. Ол міндетті түрде келеді және Ехобаның бүкіл ниетін жүзеге асырады. Сондықтан Құдай Патшалығы келсін деп дұғаңда сұра, ол жайлы басқалармен бөліс және сенің игілігің үшін бәрін жасайтын Патшалыққа деген үмітіңді қазынадай бағала.