Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ

Мультфильм ақжүректі жандардың көңілін баурап алды

Мультфильм ақжүректі жандардың көңілін баурап алды

Бүгінде jw.org сайтындағы “Ехобаның досы бол” деп аталатын бірнеше бөлімнен тұратын мультфильмдегі Аян бүкіл дүниежүзіне танымал. Осы сүйкімді бала жайлы мультфильмнің алғашқы бөлімі 130-дан аса тілге аударылған және осы мультфильмге қатысты жүздеген хаттар келіп түсті.

Мысалы, мына хатты 11 жасар қыз бен оның 8 жасар сіңлісі жазып жіберген: “Біз дүниежүзілік уағыз ісіне арнап садақа салып жібергіміз келді. Бұл ақшаны табу үшін біз екі бұзауды өсірдік, сосын оларды саттық. Олардың аты “Үлкен қызыл” мен “Граф” болатын. “Ехобаның досы бол” деген мультфильмді көбірек шығарсаңыздар екен деп, осы ақшаны бергіміз келді. Жаңадан шығатын бөлімдердің бірінде Аянның кішкентай қарындасы пайда болып, ата-анасының бар көңілі соған ауғанда, Аянның қалай әрекет еткені көрсетілсе екен дейміз. Аян туралы мультфильм — біздің ең сүйікті мультфильміміз!”

Балалардың көбісі бүкіл мультфильмді, оның ішіндегі әнді, тіпті баяндаушының сөздерін де жаттап алған. Бір әйел бауырлас қауымындағы 100 жариялаушының 40 шақтысы он жасқа дейінгі балалар екенін айтып, хат жазды. Бірде кездесудің соңында 120-ән айтылған кезде, ол үшінші қатарда отырған екен. Балалардың барлығы “өздерінің әнін” шабыттана шырқап тұрғандарын естігенде, ол қуаныштан көзіне жас алыпты.

Бір әженің айтуынша, немересі осы мультфильмді екі рет көргеннен кейін: “Ешкім менің ойыншықтарыма сүрініп қалып, жарақаттанбау үшін бөлмемді жинап қоюым керек”,— деген екен. Ол өз ойынан қайтпай тұрып алғаны сонша — бөлмесін жинамайынша, тамақ ішуге отырмай қойыпты.

Оңтүстік Африканың шалғай аймағындағы ауылда бір Куәгердің үйіне көп балалар күнде барып-келіп жүреді екен. Кейбіреулер сол отбасы бұрын кәмпит сатқандықтан, балалар оларға үнемі барып тұрады деп ойлапты. Бірақ балалар өздерінің ана тілі — коса тіліне аударылған “Құдайға құлақ асып, батаға кенел” деген мультфильмді көру үшін барады, ал көріп алғандары басқаларын шақырады екен. Бірде сол үйге он бір бала жиналып, барлығы әннің сөздерін жаттап алыпты.

Эквадорда кечуа тілінде сөйлейтін екі Куәгер емес бала түсте тамақтануға берілетін ақшаларын жинап, ойыншық қару мен қылыш және қатыгез кейіпкерлердің ойыншық мүсіндерін сатып алатын. Бұл балалар сегіз жасар Исаак пен оның бес жасар інісі Саул еді. Бір күні олардың анасы екеуіне бөлмелерін жинап, барлық ойыншықтарын кереуеттің астындағы қорапқа салып қоюды айтады. Кейінірек балалар “Ехобаның досы бол” деген DVD дискті сыйлыққа алады және екеуі оны бірге тамашалайды. Бір апта өткеннен кейін анасы үйді жинап жүріп, кереуеттің астындағы қорапта ойыншық машинадан басқа ешқандай ойыншықтың қалмағанын көреді. Ол балаларынан: “Ойыншықтарың қайда кеткен?”— деп сұрағанда, олар: “Ехоба ондай ойыншықтарды жақсы көрмейді екен, сондықтан біз оларды қоқысқа лақтырып жібердік”,— деп жауап береді. Енді басқа көрші балалар қатыгездікке үйрететін ойыншықтармен ойнаса, Исаак оларға: “Мұндай ойыншықпен ойнамаңдар. Ол Ехобаға ұнамайды!”— дейді екен.

Хорватия. Патшалық әндері балалардың жүректеріне жетуде