Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ

Ехоба куәгерлерінің ең үлкен жиыны

Ехоба куәгерлерінің ең үлкен жиыны

2013 жылы 5 қазанда, сенбі күні өткен Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамының (Пенсильвания) 129-ыншы жылдық жиынына 21 елден жиналған 257 294 адам қатысты. Олар бұл кездесуді тікелей немесе онлайн-трансляция арқылы тамашалады. Ал келесі күні тағы басқа Куәгерлер осы бағдарламаның жазылған нұсқасын көре алды. Ехоба куәгерлерінің ең үлкен осы жиынына 31 елден бас-аяғы 1 413 676 адам қатысты.

Ехоба куәгерлері 1922 жылдан бері конгресс бағдарламасын радио-трансляция мен телефон желісі арқылы түрлі елдерге жеткізіп отырған. Бүгінде интернет жүйесі арқылы шалғайда тұратын адамдар қандай да бір іс-шараны дәл сол уақытта не кейінірек тамашалай алады.

129-ыншы жылдық жиынның онлайн-трансляциясын жүргізу үшін бірнеше филиалдың бауырластары бір жылдан аса уақыт бойы дайындық жүргізді. Ал жиын өтетін күні жауапты бауырластар бағдарламаны Бруклиндегі (Нью-Йорк) бақылау орталығынан басқарды. Бағдарлама 15 түрлі уақыт белдеуінде орналасқан аймақтарда көрсетілгендіктен, бауырластар бақылау орталығын бір сәтке де қалдырмады.