Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сіз білгенсіз бе?

Сіз білгенсіз бе?

Иерусалим ғибадатханасында жануарларды сатқан саудагерлердің “қарақшылар” деп аталғаны орынды болды ма?

МАТАЙ КІТАБЫНАН былай деп оқимыз: “Иса ғибадатханаға кіріп, ондағы сатушылар мен алушылардың бәрін қуып шықты. Ал ақша айырбастаушылардың үстелдері мен көгершін сатушылардың орындықтарын аударып тастады. Сосын оларға: “Киелі жазбада “менің үйім дұға ететін үй деп аталады” делінген, ал сендер оны қарақшылардың ордасына айналдырып жатырсыңдар!”— деді” (Матай 21:12, 13).

Яһудилердің тарихи деректеріне сай, ғибадатханадағы пайдакүнем саудагерлер тұтынушылардан әкелерінің құнын сұраған. Мысалы, көгершіндер әдетте өте арзан тұрғандықтан, кедейлер оларды құрбандыққа арнап сатып алатын. Алайда, Мишнаға сай, б. з. І ғасырында екі көгершіннің бағасы бір алтын динарға дейін өсіп кеткен. Бұл жұмысшының 25 күнде табуы мүмкін ақысы болған. Көгершіннің құны шарықтап кеткені сонша — кедейлердің оны алуға бұдан былай қалталары көтермеген (Мұсаның 3-жазбасы 1:14; 5:7; 12:6—8). Бұған Симеон бен Гамалиел есімді раввин қатты күйініп, яһудилерден талап етілетін құрбандықтардың санын азайтты. Сонда екі көгершіннің бағасы бұрынғы құнынан күрт төмендеп кетті.

Осыларды есепке алсақ, ғибадатханадағы ашкөз де пайдакүнем саудагерлерді Исаның “қарақшылар” деп атауы орынды болған.