Мазмұнға өту

КИЕЛІ КІТАП АДАМ ӨМІРІН ӨЗГЕРТЕДІ

Олар ‘‘аса құнды меруертті’’ тапты

Олар ‘‘аса құнды меруертті’’ тапты

 Иса адамзаттың барлық қиындықтарын тек Құдай Патшалығы шешеді деп үйреткен (Матай 6:10). Матай 13:44—46 тармақтарда Иса Құдай Патшалығы жайлы шындықтың маңыздылығын келесі екі мысалмен түсіндірді:

  •   танапта жұмыс істеп жүрген адам күтпеген жерден жасырулы жатқан қазынаны тауып алады;

  •   асыл меруертті іздеп жүрген жиһанкез саудагер аса құнды меруертті тауып алады.

 Екеуі де тауып алған қазыналарына қол жеткізу үшін қолдарында бардың бәрін қуана сатып жібереді. Мысалдағы осы екі кісі Құдай Патшалығын қатты бағалайтын, оның баталарына ие болу үшін көптеген құрбандықтарға баратын адамдарды бейнелейді (Лұқа 18:29, 30). Осы видеодан Исаның мысалындағы кейіпкерлерге ұқсайтын екі кісі жайлы біліңіз.