Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Comstock Images/Stockbyte via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Сіз қай билеушіні таңдайсыз? Киелі кітапта не делінген?

Сіз қай билеушіні таңдайсыз? Киелі кітапта не делінген?

 Адамдар кімге дауыс беретінін шешкенде өте маңызды таңдау жасайды.

 Киелі кітапта не делінген?

Адами билеушілердің мүмкіндігі шектеулі

 Киелі жазбаларда бүкіл адами билеушілерге бір нәрсе тән екені айтылады.

  •   “Бекзадаларға арқа сүйемеңдер, Еш құтқара алмайтын адам баласына да сенім артпаңдар. Оның демі бітіп, қара жерге оралады, Сол күні-ақ бар ой-ниеті құрып жоғалады” (Зәбүр 146:3, 4, сілтеме).

 Ең мықты деген басшының өзі ертелі-кеш өлім құшады. Оның үстіне, олардың бастап кеткен игі істерін өздерінен кейінгілер жалғастыратынына еш кепілдік жоқ (Уағыздаушы 2:18, 19).

 Негізі, Киелі кітапқа сай, адам адамның үстінен ешқашан билік етпеу керек болған.

  •   “Адам тіпті өз қадамына бағыт бере алмайды” (Еремия 10:23).

 Қазіргі уақытта жақсы билеуші бар ма?

Құдайдың өзі таңдаған билеуші

 Киелі кітапта Құдайдың ең білікті, ең сенімді басшы тағайындап қойғаны айтылған, ол — Иса Мәсіх (Зәбүр 2:6). Иса — Құдай Патшалығының, яғни көктен билік жүргізетін үкіметтің Патшасы (Матай 6:10).

 Ал сіз билеуші етіп Исаны таңдайсыз ба? Киелі кітап бұл таңдауды жасаудың қаншалықты маңызды екеніне ерекше назар аударады.

  •   “Ұлына [Иса Мәсіхке] құрмет көрсетіңдер, Әйтпесе Құдай қаһарына мінеді де, Сендер құрып жоқ боласыңдар. Себебі оның ашуы лезде лап ете қалады, Ал Құдайды паналайтын әркім бақытты болады” (Зәбүр 2:12).

 Қазір өз таңдауыңызды жасайтын уақыт. Киелі кітаптағы пайғамбарлыққа сай, Иса 1914 жылы билік етуін бастады және жуырда Құдай Патшалығы бүкіл адами үкіметтердің орнын басып, өзі ғана билік ететін болады (Даниял 2:44).

 Исаның билігін қалай қолдай алатыныңызды білу үшін, “Құдай Патшалығын қазірден бастап қолдаңыз!” деген мақаланы қараңыз.