Мазмұнға өту

Эритреяда 1994 жылдың 17 қыркүйегінен бері түрмеде отырған Паулос Ияссу, Исаак Могос және Негеде Теклемариам

17 ҚЫРКҮЙЕК, 2019
ЭРИТРЕЯ

Эритреяда темір тордың ар жағында отырғандарына 25 жыл

Эритреяда темір тордың ар жағында отырғандарына 25 жыл

Эритрея — бүгінгі таңда Ехоба куәгерлері аяусыз қарсылық көріп жатқан елдердің бірі. 2019 жылдың 17 қыркүйегінде Паулос Ияссу, Исаак Могос пен Негеде Теклемариам бауырластардың темір тордың ар жағында отырғанына тура 25 жыл болды. Бұлардан бөлек, қазір түрмеде 39 ер бауырлас пен 10 әйел бауырласымыз отыр.

Бұл бауырластарымыздың бірде-біреуіне ресми түрде айып тағылмаған, олар сот алдында тұрып, жазаға тартылмаған. Олар түрмеден қашан босатылатындарынан бейхабар. Төрт ер бауырлас абақтыда көз жұмды. Ал үшеуі бостандыққа шыққан соң қайтыс болды, себебі түрмедегі ауыр жағдайдан қатты жапа шеккен.

Эритреядағы қуғын-сүргін 1994 жылдың 25 қазанында, яғни Эфиопиядан бөлініп, тәуелсіздік алғаннан бір жарым жылдай уақыт өткеннен кейін күшейе түсті. Ехоба куәгерлері бейтараптық сақтағандықтан, жаңа президент Эритреяда туылған Куәгерлер ел азаматы болып есептелмейді деп жариялады. Сондай-ақ оларды негізгі азаматтық құқықтарынан айырды. Ехоба куәгерлеріне басқа да шектеулер қойылды. Мысалы, оларға мемлекеттік орындардан білім алуға, бизнес жүргізуге я елден басқа жаққа шығуға рұқсат етілмейді.

Соңғы жылдары адам құқығы жөніндегі беделді ұйымдар Эритрея үкіметінің адам құқықтары бойынша халықаралық нормаларды өрескел бұзып жатқанына, соның ішінде Ехоба куәгерлерінің құқықтарын таптап жатқанына, мазасызданатындарын айтты. Алайда Эритрея үкіметі бұл ұйымдардың айтқандарына құлақ асар емес.

АРНАЙЫ МӘЛІМДЕМЕ: Эритреяда Ехоба куәгерлерінің қудалануы” (ағ.) дегенді қараңыз.

Біз үкімет басындағылар мен басқа да билік иелеріне Эритреядағы ахуал туралы әрі қарай да мәлімдей береміз. Ал қуғын-сүргіннің сұрапыл дауылына қарамай, болаттай сенім мен таудай батылдық танытып жатқан бауырластарымызға Ехобаның өзі Көмекші әрі “бассауғалар жартас” болатынына нық сенеміз (Зәбүр 94:22).