Мазмұнға өту

Бағушылар басқа аймаққа көшкен бауырластарға жігер беріп жатыр

23 МАМЫР, 2022
УКРАИНА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР №8 | Украинадағы әскери іс-қимыл кезінде бауырластар бір-бірін тастамады

Соғыс жүріп жатқан кезде бағушылар көп тер төгуде

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР №8 | Украинадағы әскери іс-қимыл кезінде бауырластар бір-бірін тастамады

Елде жағдай әлі де ушығып тұрғандықтан, Украинадағы филиал бақташылық сапарларға ерекше көңіл бөліп жатыр. Жауапты ер бауырластар көшуге мәжбүр болған мыңдаған бауырласты жұбатып, дем беруге көп күш салуда. Дер кезінде көрсетіліп жатқан бұл рухани көмектің бауырластар үшін пайдасы зор. Мысалы, филиал комитетінің бір мүшесі батыс Украинаға қашып барған жариялаушылармен кездесті. Осы кездесу жайлы Ужгород қаласындағы Патшалық сарайында 30 шақты адам болып тұрып жатқан бауырластардың ішіндегі бір әйел бауырлас былай дейді: “Ехоба мені жылы құшағына алып, бауырына басқандай болды”.

Осы бағушылар 27 Төтенше жағдайлар комитетінде қызмет етіп жүрген 100 шақты батыл бауырласымызды да нығайту үшін барларын салып жатыр. Осыны сезінген Игорь деген ер бауырлас былай дейді: “Төтенше жағдайлар комитетіне тағайындалған кезімде әйелім екеуміз үйімізді тастап, басқа жерде тұрып жатқан едік. Бірде екеуміз қатты қажып, қалжырап қалдық. Сол кезде онсыз да тірлігі бастан асатын филиал комитетінің бір мүшесі бізге уақыт тауып, мұң-шерімізді түгел тыңдады. Сонда оның шын қамқорлығын сезініп, бір серпіліп қалдық”. Әрі қарай ол былай дейді: “Біз өзімізді кішкентай баладай дәрменсіз сезініп, қолымыздан түк те келмей, тығырыққа тіреліп, дұға айтудан басқа ештеңе істей алмай қалдық. Бірақ дәл осындай кезде адам Ехобаның қолын көреді екен!”

Соғыс жүріп жатқан аймақтардағы Патшалық сарайларына келер болсақ, олардың 4-еуі толық қираған, 8-іне қатты зақым келді, ал 33-іне кішігірім зақым келді.

Киевтің маңайындағы Патшалық сарайының 2019 жылғы (сол жақта) және бүгінгі көрінісі (оң жақта)

17 мамырға дейін Украинадан келіп түскен деректер бар. Бұл жергілікті бауырластардың айтқан сенімді мәліметтеріне негізделген. Алайда нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, өйткені елдің барлық аймағымен байланысу қиын болып тұр.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • 37 жариялаушы қайтыс болды.

  • 74 жариялаушы жарақат алды.

  • 45 253 жариялаушы үйлерін тастап, қауіпсіз жерді паналап отыр.

  • 418 үй қирады.

  • 466 үйге қатты зақым келді.

  • 1 213 үйге кішігірім зақым келді.

  • 4 Патшалық сарайы қирады.

  • 8 Патшалық сарайына қатты зақым келді.

  • 33 Патшалық сарайына кішігірім зақым келді.

Көрсетілген көмек

  • Украинада 27 Төтенше жағдайлар комитеті істеп тұр.

  • Осы комитеттер 48 806 жариялаушыны қауіпсіз жерге жайғастырды.

  • 21 786 жариялаушы Украинадан басқа елге кетіп, бауырластардан көмек көрді.