Мазмұнға өту

Сол жақта: бауырластар австралия ым тілінде Матай кітабының шыққанына қуанып жатыр. Оң жақта: аудармашы арқылы Хидэюки Мотои бауырлас Матай кітабының шыққанын хабарлап тұр

13 НАУРЫЗ, 2024
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Киелі жазбалардағы Матай кітабы австралия ым тілінде жарық көрді

Киелі жазбалардағы Матай кітабы австралия ым тілінде жарық көрді

2024 жылдың 2 наурызында Брисбенде (Австралия) Патшалық сарайында арнайы кездесу өтті. Сол жерде Австралазия филиалының комитет мүшесі Хидэюки Мотои бауырлас австралия ым тілінде Матай кітабының жарық көргенін хабарлады. Бағдарламаға жалпы 159 бауырлас қатысты. Сондай-ақ Австралиядан, Жаңа Зеландия мен Самоадан 377 адам бейнеконференция арқылы қосылды. Матай кітабы бірден jw.org сайты мен JW Library Sign Language қосымшасында жүктеп алуға қолжетімді болды.

Орташа есеппен алғанда, Австралия, Жаңа Зеландия, Самоа мен Тонгада шамамен 20 000 адам австралия ым тілінде не соған жақын ым тілінде сөйлейді. Ехоба куәгерлері Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді австралия ым тіліне 2001 жылы аудара бастады. Осы тілге аударылған ең алғашқы басылым — “Жақын адамың қайтыс болғанда” кітапшасы. 2023 жылдың сәуірінде қашықтағы аударма кеңсесі ашылды. Бүгінде Австралазия филиалына қарасты аумақта ым тілінде бір қауым және 18 топ бар.

Киелі жазбалардағы Матай кітабы — австралия ым тіліне толық аударылған бірінші кітап. Осы аударма жайлы бір әйел бауырлас: “Исаның Таудағы уағызында айтқан сөздері мейірімділік пен жылулыққа тұнып тұр, жүрегіңді тебірентіп жібереді. Иса тура бір маған сөйлеп тұрғандай сезімде болдым!”— деп бөлісті.

Ал Брисбенде ым тіліндегі қауымда қызмет ететін құлағы естімейтін бір әйел бауырлас болса былай деді: “Австралия ым тіліндегі Матай кітабы маған Исаға жақсырақ еліктеуге көмектесетін болады. Уағызда да таптырмас құрал болатынына сенімдімін. Ехоба, рақмет саған!”

Біз австралия ым тілінде Матай кітабының жарық көргеніне шын жүректен қуаныштымыз. Осы кітаптың арқасында әлі де көп адам өмірге апаратын жолға түсетініне сенімдіміз (Матай 7:13, 14).