Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JW.ORG САЙТЫ

Мәліметті өзге тілде табу

Мәліметті өзге тілде табу

Егер тіл үйреніп жүрсеңіз не шет тілде сөйлейтін танысыңызбен jw.org сайтындағы мәліметпен бөліскіңіз келсе, оны қажет тілде табудың үш жолын ұсынамыз.

 Сайт тілін өзге тілге ауыстыру

Тіл деген батырманы бассаңыз, jw.org сайтындағы барлық тілдердің тізімі шығады.

Әр тілдің сол жақ тұсында төмендегі белгілердің біреуі тұрады:

  • Сайт сол тілге түгелдей не кей бөліктері аударылған деген сөз. Сайт тілін аталмыш тілге өзгерту үшін, сол тілді таңдаңыз.

  • Сайт әзірге бұл тілге аударылған жоқ, бірақ жүктеуге арналған әдебиеттер бар деген сөз. Қандай әдебиеттер барын көру үшін сол тілді таңдаңыз.

  • Бұл — ым тіліне нұсқайтын белгі. Ым тілінде көбінесе тек видеолар бар.

    Тек ым тілдерін көру дегенді бассаңыз, ым тілдерінің тізімі шығады.

Тілдер тізімінде жүздеген тіл болғандықтан, керек тілді тезірек табудың төмендегі жолдарын да қолдансаңыз болады:

  • Қалаулы тілдер қатарынан таңдаңыз. Соңғы болып таңдалған төрт тіл тізімнің бірінші қатарына шығып тұрады.

  • Арнайы жолаққа тіл атауын теріңіз. Сізге қай тіл керек, сол тілдің атауында кездесетін әріптерді теріңіз. Атауды сол тілде не өз тіліңізде енгізуге болады. Мысалы, егер сайт қазақ тілінде тұрса, ал сіз ағылшын тіліне ауысқыңыз келсе, “ағылшын” немесе “English” деп терсеңіз болады. Әр әріпті терген сайын, тілдер тізімінде сіз енгізген талапқа сай келетіндері шығып отырады.

 Веб-парақшаны өзге тілге ауыстыру

1-жолы: Жоғарғы жағында Мақала тілі деген жолағы бар беттерде осылай ете аласыз.

Оқығыңыз келетін не басқамен бөліскіңіз келетін мақаланы ашыңыз. Сосын Мақала тілі деген жолақтағы тізімнен тілді таңдаңыз. (Егер тізімнен сіз іздеген тіл табылмаса, мақала әлі ол тілде шықпаған деген сөз.)

Пайдалы кеңес: Мақала тілі тізіміндегі тілдің қасында құлаққаптың белгісі тұрса, бұл сол тілде мақаланың аудиожазбасы бар деген сөз.

Егер мақаланы Мақала тілі арқылы өзге тілде ашсаңыз, сол мақаланың ғана тілі өзгереді. Ал сайттың өзі бастапқы тілде қала береді.

2-жолы: Егер сізге қажетті мақалада Мақала тілі деген жер шықпаса, Тіл деген батырманы басып, сайттың тілін керекті тілге ауыстыра аласыз. Егер мақала іздеген тілде бар болса, сол тілде ашылады. Ал жоқ болса, сол тілдегі сайттың негізгі беті шығады.

 Әдебиетті өзге тілде іздеу

Ол үшін КІТАПХАНА деген жерге кіріңіз. Таңдау жолағынан Тілді таңдап, Іздеу батырмасын басыңыз.

Тізімде жүздеген тіл шығатындықтан, Тіл деген жерді басып, қажетті тілдің атын тере бастасаңыз, сол тілді табу оңай болады.

Сіз таңдаған тілде түрлі әдебиеттер бар болса, КІТАПХАНА бетінде олардың шектеулісі ғана көрсетіледі. Таңдалған тілде барлық әдебиетті табу үшін басылымдардың басқа түрлеріне кірсеңіз болады (мысалы, КІТАПТАР МЕН КІТАПШАЛАР немесе ЖУРНАЛДАР).

Егер таңдалған тілде басылымның мұндай түрі табылмаса, сол тілде бар басылымдардың түріне сілтеме көрсетіледі.