КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Мамыр 2018

Бұл санда 2018 жылдың 9 шілдесі — 5 тамызы аралығында зерттелетін мақалалар бар.

Ехоба “төзімділікпен өнім беретіндерді” жақсы көреді

Көп адам тыңдай бермейтін аумақта уағыздап жүргенде, ұнжырғамыз түсуі мүмкін. Соған қарамастан бәріміз де қызметімізде жемісті бола аламыз.

Неге әрі қарай да “мол жеміс бере” беруіміз керек?

Не үшін уағыздап жүргенімізді санамызда ұстау өте маңызды.

Жауыңызды жақсы біліңіз

Біз Шайтанның айла-амалдарын жақсы білеміз.

Жастар, Ібіліске тойтарыс беріңдер!

Бәріміз де рухани соғысқа қатысудамыз. Бұл шайқаста әсіресе жастар қорғансыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ олар соғысуға қажетті сауыт-сайманмен жабдықталған.

ӨМІРБАЯН

“Кедейшілікте өссем де, зор байлыққа ие болдым”

Сэмюэл Хёрд кедейшілікте өскенімен, кейінгі жылдары өзі еш ойламаған рухани байлыққа ие болды.