Киелі кітапқа шолу (бейнематериалдар)

Киелі жазбалардың әр кітабы жайлы басты мағлұматтар.

Мұсаның 1-жазбасына шолу

Мұсаның 1-жазбасында адамзаттың қалай пайда болғаны және қайғы мен өлімнің пайда болу тарихы жайлы маңызды мәлімет бар.

Мұсаның 2-жазбасына шолу

Құдай Мысырда құлдықта жүрген исраилдіктерді құтқарып, оларды өзіне бағышталған халық етіп құрды.

Мұсаның 3-жазбасына шолу

Мұсаның 3-жазбасынан Алла Тағаланың киелілігі жайында және біздің де киелі болғанымыздың маңызды екенін біліңіз.

Мұсаның 4-жазбасына шолу

Ехобаға кез келген жағдайда мойынсұнудың әрі оның тағайындаған жетекшілерін құрметтеудің қаншалықты маңызды екенін біліңіз.

Мұсаның 5-жазбасына шолу

Ехобаның берген Заңынан оның өз халқына деген терең сүйіспеншілігі қалай байқалатынын көріңіз.

Ешуа кітабына шолу

Исраил халқы Құдай уәде еткен жерді қалай басып алғанын және оны қалай бөліп алғанын көріңіз.

Билер кітабына шолу

Қызықты оқиғаларға толы бұл кітап батыл ер адамдардың құрметіне аталған. Құдай оларды Исраил халқын жаулардан құтқару үшін қолданған.

Рут кітабына шолу

Рут кітабы жесір келінінің жесір енесіне деген жанқияр сүйіспеншілігін және Ехоба оларды қалай жарылқағанын баяндайды.

Самуилдің 1-жазбасына шолу

Исраил халқының тарихында билер дәурені патшалар дәуреніне қалай ауысқанын көріңіз.

Самуилдің 2-жазбасына шолу

Сенімі мен кішіпейілділігінің арқасында Дәуіт Киелі кітаптағы ең қадірлі әрі танымал деген кейіпкерлердің қатарына кірген. Сол жайлы осы кітаптан біле аласыз.

Патшалар 1-жазбаға шолу

Исраил халқы Сүлеймен патшаның тұсында қалай өркендегені жайлы және екі патшалыққа бөлініп кеткеннен кейін қандай жағдайда болғанын көріңіз.

Патшалар 2-жазбаға шолу

Солтүстік патшалықтағы исраилдіктер жалған ғибадатқа қалай белшесінен батқанын және соған қарамастан Ехоба өзіне адал ғибадат етіп жүргендерге қалай батасын бергенін оқып көріңіз.

Шежірелер 1-жазбаға шолу

Бұл кітапта шежіре және Дәуіттің таққа отырғаннан өліміне дейінгі қызықты ғұмыры баяндалады.

Шежірелер 2-жазбаға шолу

Бұл кітапта жазылған Яһуда патшаларының тарихынан Құдайға адал болудың қаншалықты маңызды екенін біле аласыз.

Езра кітабына шолу

Ехоба Құдай уәдесін орындап, өз халқын Бабыл тұтқындығынан босатты және Иерусалимде шынайы ғибадатты қайта қалпына келтірді.

Нехемия кітабына шолу

Киелі жазбалардың құрамына кіретін Нехемия кітабында Құдайдың бүгіндегі барлық шынайы қызметшілеріне арналған бағалы кеңестер жазылған.

Естер кітабына шолу

Естердің заманындағы жантебірентерлік оқиғалар Ехоба Құдайдың бүгінде де өз халқын құтқаруға құдіреті жететініне көзіңізді жеткізе түседі.

Әйүп кітабына шолу

Ехобаны жақсы көретіндердің барлығы сынаққа кезігеді. Алайда Әйүптің оқиғасы біздің де Ехобаның бүкіләлемдік билігін қолдап, мінсіздік сақтай алатынымызға сенімділік береді.

Зәбүр кітабына шолу

Зәбүр кітабы Ехобаның билігін қолдайды, оны жақсы көретіндерге жұбаныш сыйлайды. Сондай-ақ оның Патшалығы дүниені қалай өзгертетіні жайлы баяндайды.

Нақыл сөздер кітабына шолу

Нақыл сөздер кітабында сауда-саттық, отбасы мәселесі сияқты өмірдің барлық саласына қажетті Құдайдың нұсқаулары жазылған.

Уағыздаушы кітабына шолу

Уағыздаушы кітабында өмірдің өзекті мәселелері қозғалады және олар Құдайдың даналығына қайшы келетін істермен салыстырылады.

Таңдаулы әндер кітабына шолу

Кітапта шуламдық қыздың қойшы жігітке деген сарқылмас махаббаты “Ехобаның жалыны” деп сипатталады. Неге?

Ишая кітабына шолу

Ишая кітабында алдын ала айтылған пайғамбарлықтар Ехоба Құдайдың уәдесінде нық тұратынына және оның Құтқарушы Құдай екеніне сеніміңізді арттырады.

Еремия кітабына шолу

Ауыр жағдайларға қарамастан Еремия пайғамбарлық қызметін тастамады. Бұл пайғамбарды бүгінгі өміріңізде қалай үлгі ете алатыныңыз жайында ойланыңыз.

Еремияның зары кітабына шолу

Еремия пайғамбар жазған бұл кітапта Иерусалимнің жойылғанына қайғыру айтылған, сондай-ақ шын жүректен өкіну Құдайдың мейір-шапағатын түсіретіні көрсетілген.

Езекиел кітабына шолу

Езекиел Құдайдың берген кез келген тапсырмасын, қаншалықты қиын болса да, кішіпейілділікпен әрі батылдықпен орындады. Ол бізге баға жетпес үлгі қалдырды.

Даниял кітабына шолу

Даниял мен үш жолдасы кез келген сынақта Ехобаға адал болып қалды. Олардың үлгісі мен пайғамбарлықтың орындалуының қазір, яғни соңғы күндері, өмір сүріп жатқан біздер үшін пайдасы зор.

Ошия кітабына шолу

Ошияның пайғамбарлығында Ехобаның күнәсіна өкінгендерге рақымын түсіретініне және ол қандай ғибадатты талап ететініне байланысты біз үшін маңызды сабақ бар.

Жоел кітабына шолу

Жоел “Ехобаның күні” жақындап келе жатқанын пайғамбарлық етіп, сол күні аман қалудың сырын айтқан. Бүгінде оның айтқан пайғамбарлығының мән-мағынасы одан сайын артуда.

Амос кітабына шолу

Ехоба бұл кішіпейіл кісіге маңызды іс тапсырды. Амос пайғамбардың үлгісінен не үйренуге болады?

Абадия кітабына шолу

Бұл — Еврей жазбаларындағы ең қысқа кітап. Осы пайғамбарлық кітапта үміт пен Ехоба Құдайдың билігінің ақталуы жайлы уәделер жазылған.

Жүніс кітабына шолу

Жүніс пайғамбар түзетуді қабыл алды, тапсырмасын орындады әрі Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі мен мейірімділігі туралы маңызды тәлім алды. Оның басынан өткізген оқиғасы сізді бей-жай қалдырмайды.

Миха кітабына шолу

Құдай рухының қозғау салуымен жазылған бұл пайғамбарлық кітап Ехоба Құдай бізден тек шамамыз жететін әрі өзімізге пайдалы нәрсені ғана талап ететініне сенімімізді нығайта түседі.

Нағұм кітабына шолу

Бұл кітап Ехоба өз сөзін әрдайым орындайтынына және тыныштық пен азаттық іздейтіндердің бәріне Патшалығы арқылы жұбаныш беретініне сенімділік береді.

Абақұқ кітабына шолу

Ехоба өз халқын қай уақытта және қалай құтқару керектігін жақсы білетініне сенімді бола аламыз.

Софония кітабына шолу

Неге Ехобаның сот күні келмейді деп ойлаудан аулақ болуымыз керек?

Хагей кітабына шолу

Бұл пайғамбарлықта жеке істеріміз Құдайға ғибадат етудің алдына шығып кетпеу керектігіне назар аударылады.

Зәкәрия кітабына шолу

Құдайдан келген аяндар пен пайғамбарлықтар ертеде Құдай халқына күш берген. Олар әлі күнге дейін Ехобаның халқына демеу болып келеді.

Малахи кітабына шолу

Малахи — Ехобаның өзгермейтін принциптері, мейірімділігі мен сүйіспеншілігі жайлы жазылған пайғамбарлық кітап. Сондай-ақ онда біздің күндерімізде қолдануға тиімді кеңестер бар.

Матай кітабына шолу

Інжілдің төрт кітабының алғашқысы болып табылатын осы кітап туралы негізгі жайттарды біліңіз.

Марқа кітабына шолу

Төрт Ізгі хабардың ең қысқасы болып табылатын Марқа кітабы Исаның болашақта Құдай Патшалығының Патшасы ретіндегі рөліне көз тастауға көмектеседі.

Лұқа кітабына шолу

Лұқа жазған Ізгі хабарда қандай ерекше мағлұмат бар?

Жохан кітабына шолу

Жоханның жазбасы Исаның адамзатқа деген зор сүйіспеншілігіне, кішіпейілділіктің ерен үлгісін қалдырғанына және оның Мәсіх — Құдай Патшалығының болашақ Патшасы екенінің дәлеліне ерекше назар аударады.

Елшілердің істері кітабына шолу

Әртүрлі ұлттан шәкірттер дайындау үшін алғашқы мәсіхшілер ерен еңбек етті. Елшілердің істері кітабы сіздің қызметке деген құлшынысыңызды жалындата түседі.

Римдіктерге арналған хатқа шолу

Ехобаның ешкімді алаламайтынына және Иса Мәсіхке сенудің маңыздылығына назар аударатын рухтың жетелеуімен жазылған хат.

Қорынттықтарға арналған 1-хатқа шолу

Пауылдың бұл хатында бірлікке, моральдық тазалыққа, сүйіспеншілікке, қайта тірілуге сенуге қатысты рухтың жетелеуімен жазылған кеңестер бар.

Қорынттықтарға арналған 2-хатқа шолу

“Жұбаныш атаулының қайнар көзі” Ехоба өз халқын нығайтып, күш береді.

Ғалаттықтарға арналған хатқа шолу

Пауылдың Ғалаттықтарға арнап жазған хаты сол кезде қаншалықты тиімді болса, бүгінде де соншалықты тиімді. Ол шынайы мәсіхшілерге адал болып қалуға көмектеседі.

Ефестіктерге арналған хатқа шолу

Рухтың жетелеуімен жазылған бұл хатта Құдайдың Иса Мәсіх арқылы бейбітшілік пен бірлік орнатуға қатысты ниеті жазылған.

Філіпіліктерге арналған хатқа шолу

Сынақтарда тайсалмай тұрсақ, басқалардың табандылығын қайраймыз.

Қолостықтарға арналған хатқа шолу

Ехобаның ықыласына бөлену үшін біз білімімізді жүзеге асыруымыз, бір-бірімізді кеңпейілмен кешіруіміз әрі Исаның дәрежесі мен билігін мойындауымыз қажет.

Салоникалықтарға арналған 1-хатқа шолу

Бізге рухани сергек болу, естіп-білген ілімдердің “бәрін тексеру”, “ұдайы дұға ету”, бір-бірімізді жігерлендіру қажет.

Салоникалықтарға арналған 2-хатқа шолу

Пауыл “Ехобаның күні келіп қалды” деген қате пікірді түзетіп, бауырластарды сенімде нық тұруға шақырған.

Тімөтеге арналған 1-хатқа шолу

Пауыл Тімөтеге жазған 1-хатында қауымдағы іс-шаралардың тәртібін түсіндірген, жалған ілімдер мен ақшақұмарлықтан абай болуды ескерткен.

Тімөтеге арналған 2-хатқа шолу

Пауыл Тімөтені қызметін толықтай атқаруға шақырған.

Титке арналған хатқа шолу

Пауылдың Титке жазған хатында Криттегі қауымдарда туған мәселелерді қалай шешу керектігі және қауым ақсақалдарына қойылатын талаптар туралы айтылады.

Філімонға арналған хатқа шолу

Бұл қысқа да нұсқа хатта кішіпейілділікке, мейірімділік пен кешірімділікке баулитын күшті сабақтар бар.

Еврейлерге арналған хатқа шолу

Мәсіхшілердің ғибадаты жердегі ғибадатхана мен мал құрбандықтарынан әлдеқайда жоғары нәрселерге негізделген.

Жақыптың хатына шолу

Жақып маңызы зор принциптерді түсіндіру үшін өте күшті мысалдар қолданған.

Петірдің 1-хатына шолу

Петірдің 1-хаты бізді белсенді болуға және бар уайымымызды Құдайға артуға шақырады.

Петірдің 2-хатына шолу

Петірдің 2-хаты жаңа аспан мен жаңа жерді күтіп жүрген біздердің адалдығымызды қайрай түседі.

Жоханның 1-хатына шолу

Жоханның хаты Мәсіхке қарсы шығушыдан сақтандырады және нені сүйіп, нені сүймеуіміз керектігін түсінуге көмектеседі.

Жоханның 2-хатына шолу

Жоханның 2-хаты шындықта нық тұруды және алдаушылардан сақ жүруді ескертеді.

Жоханның 3-хатына шолу

Жоханның 3-хаты — мәсіхшілерді қонақжайлылыққа баулитын әсерлі хат.

Яһуданың хатына шолу

Яһуда мәсіхшілер қауымын алдап, арамдағысы келетін адамдардың айла-амалдарын әшкерелеп, ашып түсіндірді.

Аян кітабына шолу

Аян кітабында Құдай Патшалығы адамзат пен жерге қатысты Ехобаның ниетін қалай орындайтыны әсерлі аяндар арқылы көрсетілген.

Киелі кітапқа шолу

Киелі кітаптың барлық кітаптары бір тақырыпты өрбітетініне, яғни Иса Мәсіх Патшалық арқылы Ехобаның есімін ақтайтынына назар аударыңыз.