22 ҚАҢТАР, 2024
АНГОЛА
“Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” чокве тілінде жарық көрді
13 қаңтар 2024 жылы Басқарушы кеңестің мүшесі Джеффри Уиндер “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасының” чокве тілінде жарық көргенін хабарлады. Бұл қуанышты жағдай Анголаның филиалында өтті. Арнайы бағдарламаға 187 адам келді, ал 353 427 адам бейнеконференция арқылы қатысты. Олардың ішінде 1644 адам чокве тілінде сөйлейді. Су жаңа кітапты көп қонақтардың қолына ұстатты. Электронды нұсқасы да дайын болды.
Шамалап айтқанда, 3 миллиондай адам Анголада, Конго Демократиялық Республикасында және Замбияда чокве тілінде сөйлейді. Қазір Ангола бойынша 462 бауырлас чокве тілді 10 қауымда қызмет етеді. Бұдан бөлек, Конго Демократиялық Республикасы мен Замбиядағы 734 бауырлас чокве тілді 21 қауымда қызмет етіп жүр.
Джеффри Уиндер өз баяндамасында “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасында” Құдайдың төл есімі 237 рет кездесетінін айтты. Бір ер бауырлас былай деді: “Римдіктерге 10:13-те “Ехобаны атын атап шақырған әркім құтқарылады” деген сөздер бар. Алайда чокве тіліндегі кей Киелі кітап аудармаларында оның мағынасын жөнді түсіндірмейді. Ал осы аудармада ап-анық айтылған. Осы кітапты көрсетіп, құтқарылу үшін Ехобаның есімін қолдану өте маңызды екенін адамдарға түсіндіргім келеді. Бұл кітап — баға жетпес сый!”
Чокве тіліндегі “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” көп адамға Ехоба жайлы білім беріп, оны бар жүрекпен, бар күш-қуатпен жақсы көруге септігін тигізері сөзсіз (Марқа 12:33).