Мазмұнға өту

Өртеніп жатқан дөңгелектер көшені бөгеп тастады (Порт-о-Пренс, Гаити)

19 НАУРЫЗ, 2024
ГАИТИ

Гаитидегі бауырластарға азаматтық толқулар кесірін тигізуде

Гаитидегі бауырластарға азаматтық толқулар кесірін тигізуде

Соңғы жылдары Гаитиде қатыгездік пен азаматтық толқулардың күшеюі бауырластарымызға кесірін тигізіп жатыр. 2024 жылдың 2 наурызынан бастап қаруланған қылмыстық топ Гаитидің астанасы Порто-о-Пренстің инфрақұрылым нысандарына шабуылдап, қаланың тас-талқанын шығарды. Үкімет елде коменданттық сағат пен төтенше жағдай режимін орнатты. Жүргізілген есептерге сай, шамамен 15 000-ға жуық адам елдің қауіпсіздеу жеріне қашуға мәжбүр болды, көптеген адам көз жұмды.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Ешбір бауырласымыз зардап шекпеді, қайтыс болмады

  • 113 бауырласымыз үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр болды

  • 2 үй қирады

  • 5 отбасы бұзақылардың кесірінен барлық мүліктерінен айырылды

  • Патшалық сарайының ешбіріне зақым келмеді

Көрсетілген көмек

  • Филиал аумағы бойынша төрт Төтенше жағдайлар комитеті тағайындалды.

  • Аудандық бақылаушылар мен жергілікті ақсақалдар үйлерін тастап кеткендермен қоса, барлық зардап шеккен бауырластарға рухани және материалдық жағынан көмек көрсетуде.

Осы бір дүрбелең шақта Гаитидегі бауырластарымыздың жүрегінде даналық пен тыныштық болсын деп Ехобаға дұға етеміз. Бәріміз де Ехобаның “шартарапта тыныштық болады” деген уәдесін тағатсыздана күтеміз (Зәбүр 72:7).