Мазмұнға өту

4 ҚАҢТАР, 2024
ЖАПОНИЯ

Жапонияның Ното түбегіндегі ауыр зілзала

Жапонияның Ното түбегіндегі ауыр зілзала

2024 жылдың 1 қаңтарында Жапонияның Исикава префектурасындағы Ното түбегінде магнитудасы 7,6 балға жеткен қатты жерсілкінісі болды. Қайта-қайта қайталанған жерсілкінісінің салдарынан үйлер мен жолдарға қатты зақым келді. 33 000-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. 400-дей адам зақымданса, 78-і қаза тапты.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Бауырластардың бәрі аман-есен

  • 1 бауырлас аздап жарақаттанды

  • 150-ден аса бауырлас қауіпсіз жерге көшірілді

  • 2 үй қирады

  • 7 үй қатты зақымдалды

  • 100-ден аса үй аздап зақымдалды

  • 1 Патшалық сарайы қатты зақымдалды

  • 8 Патшалық сарайы аздап зақымдалды

Көрсетілген көмек

  • Төтенше жағдайлар комитеті құрылып, көмек қолын созып жатыр

  • Зілзаладан жапа шеккен бауырластарды жігерлендіру үшін Жапония филиалы өкілдерін жіберді. Сондай-ақ аудандық бақылаушылар мен жергілікті ақсақалдар да апат болған аймақтағы бауырластарға рухани көмек беріп, басқа да керек-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр

Осындай қиын кезеңде Ехоба Жапониядағы бауырластарымызға жұбаныш пен күш беріп, өзінің “қауіпсіз пана” екенін дәлелдеп жатыр (Зәбүр 18:2).