Мазмұнға өту

Миядзакидегі (Жапония) Шаньшань тайфунынан зардап шеккен үйлер

5 ҚЫРКҮЙЕК, 2024
ЖАПОНИЯ

Жапон халқын үркіткен Шаньшань тайфуны

Жапон халқын үркіткен Шаньшань тайфуны

2024 жылдың 29 тамызында Шаньшань тайфуны Жапонияның Кагосима префектурасының тұрғындарын әбігерге салды. Желдің жылдамдығы шамамен сағатына 160 шақырымға жетті. Канто, Кюсю, Токай аймақтарының кей жерлерінде екі күн ішінде 40 сантиметрден аса жауын жауып, ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Нөсерлеп жауған жаңбыр көшкін мен су тасқынына ұласып, жолдар мен ғимараттар күл-талқан болды. Нәтижесінде 120 адам жарақат алып, 8 адам қайтыс болды.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Бауырластарымыздың ешбірі қайтыс болмады

  • 3 жариялаушы жарақат алды

  • 245 үйге болар-болмас зақым келді

  • 8 Патшалық сарайына азғантай зақым келді

  • Зілзала болған жердегі бірнеше аймақтық конгрестердің уақыты өзгертілді

Көрсетілген көмек

  • Аудандық бақылаушылар мен жергілікті ақсақалдар жапа шеккендерге рухани қолдау көрсетіп, керек-жарақтарымен қамдап жатыр

Табиғи зілзала көп қасірет алып келсе де, “көмекшіміз әрі жұбатушымыз” Ехоба Құдай біздің жанымыздан табылады (Зәбүр 86:17).