Мазмұнға өту

3 ҚЫРКҮЙЕК, 2020
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жер-жаһанда өткен алғашқы онлайн конгресс

Жер-жаһанда өткен алғашқы онлайн конгресс

2020 жылғы аймақтық конгрестің бағдарламасын шілде және тамыз айларында миллиондаған Ехоба куәгері мен Киелі кітапқа қызығушылық білдіруші адамдар тамашалап шықты.

“Әрдайым қуаныңдар!” атты көптен күткен бұл конгресс 240 елде Конгресс сарайлары мен конгресс орталықтарында, ареналар мен стадиондарда көптің қатысуымен өту керек еді. Бірақ індет басталып кеткендіктен, Басқарушы кеңес бұл шараны қатысушылардың денсаулығына қауіп төнбейтіндей етіп өткізуді ұйғарды. Яғни бұл жиын онлайн түрде өтетін болды. Осылай Ехоба куәгерлерінің конгресі 1897 жылдан бері алғаш рет қашықтан өткізілді.

Басқарушы кеңестің мүшесі Кеннет Кук былай деді: “Жер-жерде аймақтық конгрестер өткізілмейтін болғандықтан, біз бір бағдарламаны бір уақытта жүздеген тілде көрсетуді ұйғардық. Әдетте мұндай көлемдегі бағдарламаны аударып, дайындауға бір жыл я одан да көп уақыт кетеді. Ал бізде үш-төрт ай ғана бар еді. Десе де 2020 жылдың 6 шілдесінде сайтымызда 400-дей тілде конгресс бағдарламасының алғашқы бөлігі жарық көрді! Бағдарламаның аударылатын тілдер саны мұнымен шектелмей, тіпті 511-ге дейін жеткелі отыр!”

Үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйел бауырласымыз былай деп өз лебізін білдірді: “Әрине, достарымызбен қауышып, бас қосқанға не жетсін! Бірақ конгрестің осылай онлайн түрде өткені балалар үшін өте жақсы екен. Конгресті бөліп-бөліп, кішкенеден көргендіктен, балалар бағдарламаны мұқият тыңдай алды. Бірде-бір минутын жіберген жоқпыз. Үзіліс жасау қажет болғанда, бағдарламаны тоқтатып қойдық. Жұма күнгі бағдарламада балалар ата-ананың қолындағы жебе сияқты екені айтылды. Ал біз оларды бақытты өмір жолына, яғни Ехобаға қызмет етуге бағыттауымыз керек. Бұл ретте маған осы конгрестің көп көмегі тиді” (Зәбүр 127:4).

Біздің осы ерекше конгресіміз әртүрлі елдегі БАҚ-тың назарына ілікті. Бұл жайында Құрама Штаттардағы қоғамдық ақпарат бөлімшесінің мүшесі Роберт Хендрикс былай деді: “Онлайн конгресіміз туралы көп журналистер мақала жазды. Олар біздің ұйым денсаулық қауіпсіздігіне аса мән бере отырып, конгресті өткізу үшін озық технологияны қалай пайдаланғаны жайлы сөз етті”.

“Әрдайым қуаныңдар!” деп аталатын 2020 жылғы аймақтық конгрестің арқасында Ехобаның Ұлы Тәлімгер екеніне осындай бір жаңа әрі керемет жолмен куә болдық (Ишая 30:20).