7 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Кубаның батысы мен АҚШ-тың кей бөліктерін әбігерге салған “Идалия” дауылы
2023 жылы 29 тамызда “Идалия“ тропикалық дауылы Кубаның Пинар-дель-Рио провинциясына соққы берді. Сұрапыл жел мен жауын бұл аймаққа 200 шақырым жылдамдықпен жеткен. Ал 30 тамызда “Идалия“ дауылы АҚШ-тың Флорида штатының Китон Бич жағалауына да соққы берді. Кейіннен “Идалия“ тропикалық дауыл ретінде тіркелді. Қатты желдің және нөсерлі жаңбырдың кесірінен АҚШ-тың Флорида, Джорджия, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина штаттарының кейбір бөліктерін су басып, электр қуаты сөніп қалды.
Бауырластар жайлы мәлімет
Куба
Бауырластарымыздың ешқайсысы қаза болмады
1 жариялаушы қауіпсіз жаққа көшірілді
1 үй қирап қалды
12 үйге кішігірім зақым келді
Құрама Штаттар
Бауырластарымыздың ешқайсысы қаза болмады
1 жариялаушы аздап жарақат алды
1297 бауырлас қауіпсіз жаққа көшірілді
4 үй қирап қалды
12 үйге әжептеуір зақым келді
61 үйге аздап зақым келді
1 Патшалық сарайына әжептеуір зақым келді
3 Патшалық сарайына кішігірім зақым келді
Көрсетілген көмек
Куба мен Құрама Штаттарда жергілікті ақсақалдар мен аудандық бақылаушылар зардап шеккен жерде тұратын бауырластарға рухани да, іс жүзінде де көмек көрсетіп жатыр
Ехоба “Идалия“ дауылынан жапа шеккен бауырластарды қолдай беретініне толықтай сенімдіміз (Ишая 63:9).