Мазмұнға өту

Фишкилл Бетеліндегі кейбір тұрғын үй ғимараттары

21 ЖЕЛТОҚСАН, 2023
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Фишкилдің қалалық кеңесі жаңа орталықтың салынуына рұқсат берді

Фишкилдің қалалық кеңесі жаңа орталықтың салынуына рұқсат берді

2023 жылдың 27 қазанында Фишкилдің (Нью-Йорк, АҚШ) қалалық кеңесі жаңа Бетел ғимараттарын соғуға рұқсат берді. Демек, Ехоба куәгерлерінің Фишкилдегі осы жаңа компьютерлік қолдау көрсету орталығының құрылысы әне-міне дегенше басталмақ.

Фишкилдегі Бетел ғимараттары Ехоба куәгерлерінің Уорвиктегі (Нью-Йорк) дүниежүзілік бас басқармасының солтүстігінен 64 шақырымдай жерде орналасқан. Онда қызмет ететін бауырластар компьютерлік көмек, ақпараттық технология мен басқа да салаларда еңбек етеді.

Жаңа ғимараттар қазіргі Бетел кешеніне қарама-қарсы беттегі 23 гектар жерге салынады. Осы техникалық көмек орталығы екі қабатты кеңсе ғимаратынан (ауданы 4366 шаршы метр), техникалық қызмет көрсету ғимаратынан (1393 шаршы метр) және демалуға арналған ғимараттан (1393 шаршы метр) тұратын болады. Сондай-ақ далада демалыс орындарын салу да жоспарланды. Құрылысты жобалау барысында қоршаған ортаны сақтау талаптары барынша ескерілді.

Фишкилдегі жаңа орталық 1) екі қабатты кеңсе ғимаратынан, 2) демалуға арналған ғимараттан, 3) техникалық қызмет көрсету ғимараты мен 4) ауладағы демалу орындарынан тұрады

Құрылыс ісінің басым бөлігін мердігерлер атқаратын болғанмен, оны Бетелдегі бірнеше ер бауырлас қадағалайды. Жобаны 2025 жылдың қазанына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қазір Фишкилдегі Бетелде қызмет етіп жатқан Джейсон Кейл бауырлас былай дейді: “Осыған дейін Фишкилдегі Бетелде тек тұрғын үй ғимараттары ғана болды, кеңселер мен бірге бас қосатын орындар болмады. Ал жаңа ғимараттарда бірге жиналуға және жұмыс істеуге жағдай жасалады. Біз жаңа орталықтың бітуін тағатсыздана күтеміз!”

Фишкилдегі жаңа компьютерлік қолдау көрсету орталығының кіреберісінің суреті

Біз осы жаңа құрылыс жобасы үшін өте қуаныштымыз! Оның Фишкилдегі Бетелде қызмет ететіндерге көп пайдасы тиетіні анық. Сол бетелдіктермен бірге біз де Ехобадан осы құрылысқа мол батасын төгуін сұраймыз (Зәбүр 127:1).