Мазмұнға өту

Сол жақта: Виктор Кудинов пен әйелі Светлана. Оң жақта: Сергей Жигалов пен әйелі Ольга

4 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қорқынышқа бой алдырмай, сенімін нығайтты

Қорқынышқа бой алдырмай, сенімін нығайтты

Севастополь қаласының (Қырым) Гагаринский аудандық соты жақын арада Виктор Кудинов пен Сергей Жигалов бауырласқа қатысы шешім шығарады. Прокурор талап еткісі келетін жаза мерзімін әлі хабарлаған жоқ.

Қысқаша мағлұмат

Ехоба Виктор мен Сергейге қиындыққа шыдамдылықпен төзіп келе жатқандары үшін молынан батасын төгетініне нық сенімдіміз. Өйткені ол — “қызметшісінің татулықта өмір сүргеніне қуанатын” Құдай (Зәбүр 35:27).

Істің барысы

  1. 24 тамыз, 2022

    Қылмыстық іс қозғалды. Үйлерінде тінту жүргізілді. Тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

  2. 26 тамыз, 2022

    Изолятордан үйқамағына ауыстырылды

  3. 17 қазан, 2022

    Үйқамағынан босатылып, кейбір шектеулер қойылды

  4. 13 сәуір, 2023

    Қылмыстық сот ісі басталды