Мазмұнға өту

13 ҚАРАША, 2019
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2019 қызмет жылының есебі: шомылдыру рәсімінен өтушілердің соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіші

2019 қызмет жылының есебі: шомылдыру рәсімінен өтушілердің соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіші

2019 қызмет жылында 300 000-нан аса адам Ехоба куәгері ретінде шомылдыру рәсімінен өткенін қуана хабарлаймыз! 1999 жылдан бері шомылдыру рәсімінен өтушілердің саны бірінші рет 300 000-нан асты. Бар жүрегімізбен атқарып жүрген уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне батасын төгіп жатқаны үшін Ехобаны мадақтаймыз!

2019 қызмет жылы басқа да тарихи әрі айтулы оқиғаларға толы. Олар: халықаралық конгрестер, Киелі жазбалардың жарық көруі, бауырластардың іс жүзінде сүйіспеншілік көрсеткен оқиғалары. Қазір дүниежүзілік есептің кей тұстарына назар аударайық a.

  • Елдердің саны: 240

  • Еске алу кешіне келгендердің саны: 20 919 041

  • Жариялаушылардың жоғарғы саны: 8 683 117

  • Шомылдыру рәсімінен өткендердің саны: 303 866

Мұндай тамаша көрсеткіш бізді 2020 жылдың тармағы ретінде таңдалған Иеміз Исаның мына сөздерін орындауға талпындырады: “Барыңдар да,.. шәкірттер дайындап, оларды... шомылдыру рәсімінен өткізіңдер” (Матай 28:19).

a Ехоба куәгерлерінің 2019 қызмет жылының толық есебі жуырда jw.org сайты мен JW Library қосымшасында пайда болады.