Мазмұнға өту

Венесуэла: Қыз бауырлас варао тілінде оқып отыр (сол жақта); екі ер бауырлас пиароа тіліне аударып отыр (сол жақта). Оңтүстік Корея: Бір отбасы конгресс қарап отыр (оң жақта)

4 ҚЫРКҮЙЕК, 2020
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2020 жылдың аймақтық конгресі: Аудармашылар қиындықтарды еңсерді

2020 жылдың аймақтық конгресі: Аудармашылар қиындықтарды еңсерді

2020 жылдың “Әрдайым қуаныңдар!” деген аймақтық конгресі Ехоба куәгерлерінің тарихындағы ең ерекше конгрестердің бірі болды. Конгресс бағдарламасы 500-ден астам тілге аударылып, әркім өз үйлерінде отырып көре алды. Десе де мұны аударған аудармашылар біршама қиындықтарға кезікті. Соларды атап өтсек: біріншіден, уақыт аз болды, екіншіден, ресурстар шектеулі болды.

Кенияда кикуйю тіліне аударатын бір аудармашы былай дейді: “Карантиннің салдарынан Бетелге ешкім келе алмайтын. Ал Бетелдің ішінде дыбыстайтын бауырластар өте аз еді. Сөйтіп, біз дыбыстау үшін қашықтан қосылатын бауырластардан көмек сұрадық. Ехобаның осы жағдайда біздің қиындығымызды қалай шешіп бергенін көріп, қатты қуандық.”

Корей ым тілі мен корей тілінің аудармашылары да осындай қиындықтарға кезікті. Бұрындары Бетелге келіп, дыбыстайтын еріктілер енді Бетелге келе алмай қалды.

Корей ым тіліне баяндамалар мен видеолар жазу үшін бір бауырластың үйінде осындай студия құрастырылды

Бұл қиындықтан шығу үшін қауымдағы бауырластар өз үйлерінде кішігірім студия құрып алды. Сол студияға қажеттінің бәрін көбінесе қауымдағы бауырластар тауып берді. Ал ым тіліне бағдарламаны бейнетаспаға түсіру үшін, филиал конгресс сарайындағы карантин кезінде бос тұрған камераларды пайдаланды.

Ал Венесуэладағы бауырластардың қиындығы нашар интернет еді. Тағы біреулерінде студияға қажетті құралдар болмады. Бірақ аудармашылар тапқыр болып шықты. Олар бауырластардың дауысын жазу үшін және ол анық шығу үшін жан-жағын матраспен қоршады.

Оңтүстік Суданның астанасы Джубада занде тіліне аударатын бір аударма тобы бар. Соның бір аудармашысы былай деді: “Бүкіл конгресс бағдарламасын жазу керек дегенді естігінде, менің ойыма бірінші келген нәрсе мынау еді: “Бұл мүмкін емес! Біз 90-нан астам аудио мен видеоны екі айдың ішінде жазып бітіре алмаймыз”. Қазір конгресті өз тілімде тамашалап отырғанда, қатты таңғаламын. Ехобаның еркіне еш нәрсе тосқауыл бола алмайды. Ол не істесе де, бәрін керемет жолмен істейді!” (Матай 19:26).

2020 жылдың “Әрдайым қуаныңдар!” деген аймақтық конгресі Ехобаның керемет сыйы болды. Ехоба “әртүрлі адамдардың құтқарылғанын және шындық жайлы тура білім алғанын қалайды” (Тімөтеге 1-хат 2:4).