Мазмұнға өту

24 ҚАЗАН, 2023
ЗИМБАБВЕ

Зимбабведегі ауылшаруашылық көрмесінде берілген куәлік

Зимбабведегі ауылшаруашылық көрмесінде берілген куәлік

2023 жылы, 28 тамыз — 2 қыркүйек аралығында Харареде (Зимбабве) ауылшаруашылық көрмесі өтті. Осы халықаралық көрмеге 500-ден астам қатысушылардан бөлек, 250 000-нан аса қонақ келді. Сол жерде бауырластар ағылшын, ндебеле (Зимбабве) және шона тілдерінде әдебиеттер стендін орнатты. Жалпы алғанда көрмеге 79 бауырлас қатысып, 6300 әдебиет таратты және 116 адам зерттеу сабағына өтініш білдірді.

Стендтегі “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” кітабының 1 және 2-томы Тамука есімді бір жасөспірімнің көзіне түседі. Ол Ехоба куәгерлері тегін интерактивті Киелі кітап сабақтарын ұсынатынын естігенде, таңғалып: “Бұл сабақтар туралы көбірек айтып бере аласыздар ма?”— деп сұрайды. Бауырластар оған “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасының көмегімен зерттеу сабағы қалай өтетінін көрсеткеннен кейін, ол зерттеуге өтініш білдіреді. Жергілікті бауырластар Тамукамен зерттеу өту үшін жағдай жасады.

Стендке жақындап келген бір ер адам Ехоба куәгерлерінің кішіпейілділігіне және олардың уағыздау әдістеріне тәнті екенін айтады. Стендтің қасында тұрған ер бауырлас оған Матай 28:19, 20-ны оқып, Ехоба куәгерлері Иса тапсырған ізгі хабарды жариялау ісіне зор жауапкершілікпен қарайтындарын айтады. Әлгі кісі Ехоба куәгерлері сияқты батыл болуды қалайтынын мойындайды. Бауырласымыз оған Киелі кітап зерттеу сабағын ұсынғанда, ол қуанышпен қабыл алады.

Көрмеге келген бір әйел Ехоба куәгерлерінің мейірімділіктерімен және қарапайымдылықтарымен ерекшеленетінін айтып, ризашылығын білдіреді. Сонда бір ер бауырлас оған Куәгерлерге жақсы адам болуға Киелі кітапты оқитындары және ондағы айтылғандарды өмірде қолданатындары көмектесетінін айтады. Бір әйел бауырласымыз болса, “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасымен зерттеу сабағы қалай өтетінін көрсетеді. Сонда әлгі әйел отбасыларына да, жастарға да арналған әдебиеттердің көп екеніне және бәрі тегін екеніне аң-таң болады. Бірнеше әдебиетті және Киелі кітапты алған соң ол зерттеуге келіседі. “Бұл мен үшін өмірімдегі ең тамаша сыйлық болды!”— деді ол.

Бауырластар сондай-ақ көрме кезінде бейресми де куәлік берді. Бір ер бауырлас өзінің стендінде тұрған бір әйелмен әңгіме бастайды. Кейін ол әйелге Киелі кітап пен бірнеше әдебиет ұсынады. Сонда ол өзінің Киелі кітабы болғанын бұрыннан қатты қалайтынын айтып, әдебиеттерімізді қуана-қуана алады. Өзімен байланыса алу үшін ол бауырластарға мәліметтерін қалдырды.

Осы көрмеге қатысқан Ранганай есімді бір әйел бауырласымыз өз сезімдерімен бөлісіп, былай деді: “Соңғы жылдары денсаулығыма байланысты қызметке өзім қалағандай атсалыса алмай жүрген едім. Ал қазір мен қиындықтарға емес, қызметтегі баталарға назар аударуды үйрендім. Осы көрмеге қатысқаным сол баталардың бірі болды, жігер алып, сенімім нығайды. Мен дәл осыған мұқтаж едім”.

“Құдаймен қызметтес” болып жүрген Зимбабведегі бауырластармен иық тіресе қызмет ету — біз үшін үлкен қуаныш (Қорынттықтарға 1-хат 3:9).