3 ҚАЗАН
ЗИМБАБВЕ
Зимбабве филиалына 75 жыл
2023 жылдың қыркүйегінде Зимбабведегі Ехоба куәгерлерінің филиалына 75 жыл толды. Бұл филиал Зимбабвенің астанасы Хараре қаласында орналасқан.
Ехоба куәгерлері Зимбабведе алғаш рет уағыздай бастағанда, бұл елдегі ісімізге Оңтүстік Африкадағы филиал жауапты болатын. 1932 жылы бұл филиал төрт ізашарды Зимбабвеге (сол кезде Оңтүстік Родезия деп аталған) уағыздауға жіберді. Көп ұзамай көбісі шындықты қабылдай бастады.
1940 жылдың қарашасында ұлтшылдықтың, соғыстың кесірінен әдебиеттерімізге тыйым салынды. Сол жылдары көптеген ер бауырлас бейтараптық сақтағаны үшін түрмеге жабылды. Бірақ соған қарамастан бауырластар парасаттылық танытып, ізгі хабарды тарата берді әрі бұл көп жақсы нәтиже әкелді. Ал алты жылдан кейін салынған тыйым алынып тасталды. Көп ұзамай елдегі жариялаушылардың саны үш есеге көбейіп, 3500-ден асып түсті.
Уағыз ісін алға жылжыту үшін 1948 жылдың 1 қыркүйегінде Зимбабведегі екінші ірі қала Булавайода филиал ашылды. Ол жаққа қызмет етуге алғаш болып Эрик Кук бауырлас тағайындалды. Кейін Ғалақат мектебін бітірген миссионерлер Джордж пен Руби Брэдли, Филлис Кайт пен Мертл Тейлор сол филиалға тағайындалды.
Жылдар өте Зимбабведе жариялаушылардың саны қарқындап өсті. Сондықтан жаңа филиал соғу қажет болды.
Хараре қаласында соғылған қазіргі филиал 1998 жылы желтоқсанда бағышталды. Онда әдебиеттеріміз жеті тілге аударылады. Сондай-ақ филиал 960 қауымға жетекшілік етеді. Елдегі 46 000-нан астам жариялаушы ізгі хабарды құлшыныспен таратады. 2023 жылы Еске алу кешіне 120 702 адам қатысты.
Зимбабведе болып жатқан өсім бізге де қуаныш сыйлайды. Бұл өсім Ехобаға адал жандар оның “көзінен таса қалмайтынын” және жүрегі әрқашан солармен болатынын дәлелдейді (Шежірелер 2-жазба 7:16).