Мазмұнға өту

24 ҚАҢТАР, 2024
КОТ-Д’ИВУАР

“Матай жазған ізгі хабар” якуба тілінде жарық көрді

“Матай жазған ізгі хабар” якуба тілінде жарық көрді

2024 жылдың қаңтарында Кот-д’Ивуардағы филиал комитетінде қызмет ететін Джулиес Базие деген бауырлас Ман қаласында өткен арнайы кездесуде “Матай жазған ізгі хабар” якуба тілінде жарық көргенін хабарлады. Бұл кездесуге 302 адам келсе, 257-сі видеоконференция арқылы қатысты. Бауырластар кітаптың электронды және аудио нұсқасын бірден жүктей алды. Ал баспа түріндегі нұсқасы жақын арада дайын болады.

Бауырластар бағдарламаны мұқият тыңдап отыр

Кот-д’Ивуар, Гвинея және Либерияда тұратын 1,5 миллиондай адам якуба тілінде сөйлейді. Қазіргі таңда Кот-д’Ивуарда шамамен 254 бауырлас якуба тіліндегі 4 қауым мен 6 топта қызмет етеді.

Әзірше якуба тілінде Киелі кітаптың толық нұсқасы жоқ, тек Грек жазбаларының екі аудармасы бар. Бірақ екеуінде де Құдайдың Ехоба деген есімі кездеспейді және олар түсінуге қиын тілде жазылған. Ал жақында шыққан “Матай жазған Ізгі хабар” болса, заманауи әрі қарапайым тілде жазылған. Бір ер бауырлас былай деді: “Кейде басқа аудармаларды оқып отырғанда, кейбір тармақтарды асықпай немесе қайта-қайта оқу керек болатын. Ал қазір Матай кітабын не оқып жатқаныңды түсініп, рақаттанып оқисың”.

Якуба тілінде сөйлейтін бауырластарға осындай сыйлық сыйлағаны үшін Ехобаға мың алғыс! Бұл сыйлық бауырластар мен басқа адамдарға “Құдай Патшалығын бірінші орынға қоюға” көмектесе бергей (Матай 6:33).