6 АҚПАН, 2024
КУБА
Матай және Марқа кітаптары куба ым тілінде жарық көрді
2024 жылдың 20 қаңтарында Матай және Марқа кітаптары куба ым тілінде жарық көрді. Бұл кітаптардың шыққаны Кубаның Гавана қаласындағы Гуанабакоа деген Конгресс сарайында өткен арнайы кездесуде хабарланды. Бауырластар жаңадан шыққан бұл кітаптарды jw.org сайтынан жүктей алды.
Кубада шамамен 53 000 құлағы естімейтін адам тұрады. 1990 жылдары Кубада тұратын құлағы естімейтін адамдарға ізгі хабарды жеткізу үшін көп күш салына бастады. 2011 жылы Куба ым тілінде алғашқы әдебиетіміз жарық көрді. Қазіргі таңда Куба бойынша 756 бауырлас ым тіліндегі 28 қауым мен 10 топта қызмет етуде.
Бұған дейін Матай мен Марқа кітаптары куба ым тіліне аударылмаған. Бір әйел бауырлас былай деді: “Марқа 7:32—37 тармақтарда Исаның құлағы естімейтін адамды қалай сауықтырғаны жазылған. Осы оқиғаны ым тілінде көргенде, сол жағдайдан өзім өткендей болдым. Бұл жүрегімді елжіретіп жіберді. Енді мен жаңа дүниеде өмірдің қандай болатынын анық елестете аламын. Рақмет сіздерге!”
Біз куба ым тілінде осындай рухани сыйлықты алған бауырластардың қуанышына ортақпыз. Бұл кітаптар куба ым тілінде сөйлейтін барлық адамдарға “Ехобаны бар жүрегімен, бүкіл жан-тәнімен және барлық ақыл-ойымен” жақсы көруге көмектеседі деп үміттенеміз (Марқа 12:30).