19 ҚАҢТАР, 2024
МАДАГАСКАР
“Матай жазған ізгі хабар” Мадагаскардағы үш тілде жарық көрді
2024 жылдың 7 қаңтарында “Матай жазған ізгі хабар” тандруй, антанкарана және везу тілдерінде жарық көрді. Осыған орай, осы тілдерде сөйлейтін Мадагаскардың үш аймағында арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысқандардың бәрі осы жаңа кітаптың бір-бір данасын алды. Сондай-ақ электронды нұсқасы да жүктеуге дайын болды.
Тандруй
Мадагаскар филиалының комитет мүшесі Паул Рахаджанирина “Матай жазған ізгі хабардың” тандруй тілінде жарық көргенін хабарлады. Кездесу Амбувумбе қаласындағы Патшалық сарайында өтті. Бағдарламаға 442 адам келсе, 681-і видеоконференция арқылы қатысты. Қазіргі таңда 662 бауырлас Мадагаскар бойынша тандруй тіліндегі 25 қауымдар мен топтарда қызмет етуде.
Антанкарана
Филиал комитеті боп қызмет ететін Ролланд Рафалибера бауырлас “Матай жазған Ізгі хабардың” антанкарана тілінде жарық көргенін хабарлады. Кітаптың шыққаны Анциранана қаласындағы Конгресс сарайында өткен арнайы кездесуде хабарланды. Бағдарламаға 904 бауырлас келсе, 1218-і видеоконференция арқылы қатысты. Қазіргі таңда 1000 аса бауырлас Мадагаскар бойынша антанкаран тіліндегі 28 қауымдар мен топтарда қызмет етуде.
Везу
“Матай жазған ізгі хабардың” везу тілінде жарық көргенін филиал комитетінің мүшесі Кристофер Томас бауырлас хабарлады. Бұл арнайы кездесу Тулиара қаласындағы Патшалық сарайында өтті. Бағдарламаға 1290 бауырлас келсе, 305-і видеоконференция арқылы қатысты. Қазіргі таңда 706 бауырлас везу тіліндегі 20 қауымдар мен топтарда қызмет етуде.
Осы арнайы бағдарламалар Мадагаскардың әртүрлі аймақтарында өтсе де, сол елдегі бауырластарымыздың сезімдері ортақ болды. Олар Матай кітабының өз ана тілдеріне тура, анық және түсінуге жеңіл етіп аударылғанына дән риза.
Тандруй, антанкарана және везу тілдерінде сөйлейтін бауырластарымыз осындай сый алғаны үшін Ехобаға мың алғыс. Олар осы кітаптың көмегімен Ехобаны мадақтай алады және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандырады (Матай 5:3).