2 ҚАРАША, 2023
МЕКСИКА
“Отис” дауылы Мексиканың оңтүстік-батыс жағалауын жайпап өтті
2023 жылдың 25 қазанында Мексиканың оңтүстік-батыс жағалауындағы туристік Акапулько қаласында “Отис” дауылы ойран салды. Тынық мұхитының осы аумағында бұған дейін мұншалықты жойқын дауыл болған емес. Бесінші санаттағы бұл дауылдың жылдамдығы сағатына 265 шақырымға жеткен. Қатты жауған нөсер мен су тасқынының салдарынан жолдар мен ғимараттар, электр желілері зақымданды. Мыңдаған адам жарықсыз қалды. Кем дегенде 45 адам көз жұмды.
Төмендегі мәлімет жергілікті бауырластардың берген ақпараттарына негізделген.
Бауырластарымыз жайлы ақпарат
Бауырластардың бәрі аман-сау
Апат болған аймақта 10 000-нан аса бауырлас тұрады
Акапулькодағы бір конгресс сарайы қатты зақымданды
Көрсетілген көмек
Аудандық бақылаушылар мен ақсақалдар жапа шеккен аймақта тұратын бауырластарға рухани жағынан да, іс жүзінде де көмек көрсетіп жатыр
Орталық Америка филиалының төрт өкілі жергілікті бауырластарды жігерлендіріп, қолдау көрсетуге келді
Көмек көрсету үшін төтенше жағдайлар комитеті құрылды
“Отис” дауылынан зардап шеккен осы аяулы бауырластарымызға Ехоба тыныштық пен жұбаныш берсін деп дұға ете береміз (Філіпіліктерге 4:6, 7).