Мазмұнға өту

Уичоль адамдары мына үйді тонап, есік-терезесін, шатырын алып кеткен. Бұрыштағы суретте: “Уичоль” қауымындағы үйлерінен қуылған бауырластар.

6 АҚПАН, 2018
МЕКСИКА

Мексиканың Халиско штатында Ехоба куәгерлері өз тайпаларынан қуылды

Мексиканың Халиско штатында Ехоба куәгерлері өз тайпаларынан қуылды

МЕХИКО. Халиско штатының тауларындағы Тукспан-де-Боланьос қаласында уичоль деген байырғы тайпа тұрады. Сол тайпадан шыққан Куәгерлер ар-ұжданына қайшы келетін діни әдет-ғұрыптарға қатысудан бас тартқаны үшін қуғын көрді. 2017 жылдың 4 желтоқсанында ашулы тобыр 12 бауырласқа және олармен араласқан 36 адамға бас салып, үйлерінен қуып жіберген. Діни қудалаудың құрбаны болған бауырластарымыз көмек іздеп, құқық қорғау органдарына жүгінді.

Бауырластардың дүние-мүліктері тоналып, сыртқа шығарып тасталған

Мексика билігі уичоль тайпасының мәдениеті мен дәстүрін құрметтейді. Сондықтан оларға өз бетінше билік жүргізуге қандай да бір шамада құқық беріп қойған. Тайпа көсемінің айдауымен ашулы тобыр бауырластарды өз үйлерінен қуып шықты. Ол аздай, үйлерінің есік-терезелерін, шатырларын талан-тараж етіп тонап, қалған мүлкін сыртқа шығарып тастаған. Кейін бауырластарды орманға апарып, қайтып оралатын болса, өлтіретіндерін айтып қорқытқан.

Уичоль тайпасынан шыққан Ехоба куәгерлері Патшалық сарайының алдында тұр

Мексика филиалының өкілі келіп, үйсіз қалған бауырластарға рухани қолдау көрсетті және уақытша баспана мәселесін шешті. Ехоба куәгерлерінің заңгерлері Халиско штатының билік басымен, адам құқықтары жөніндегі прокурормен, аймақтық прокурормен және қылмыс құрбандарын қолдау жөніндегі жетекшімен кездесті. Қазіргі уақытта осы құқық қорғау органдары бұл істі қарастырып жатыр.

Мексикадағы Ехоба куәгерлерінің өкілі Гамалель Камарило былай деді: “Ар-ұжданына қайшы келетін діни дәстүрлерді ұстанбағанына бола бауырластарымыздың осылай қудаланып жатқанына жаман болдық. Олар өз тайпаларында тату өмір сүреді, жергілікті салт-дәстүрлерін де құрметтейді ғой. Жергілікті билік өкілдері тез арада әрекет етіп, бұндай діни қудалауды тоқтатады деп үміттенеміз”.

Біз үйлерінен, дүние-мүліктерінен айырылған бауырластарымыз үшін дұға етеміз. Ехоба оларды әрі қарай да ұйымы арқылы қолдай беретініне сенімдіміз (Ишая 32:2).

Байланысу:

Халықаралық: Давид Симонян, Қоғамдық ақпарат бюросы, +1-845-524-3000

Мексика: Гамалель Камарило, +52-555-133-3048