19 ҚАЗАН, 2023
МИКРОНЕЗИЯ
“Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” чуук тілінде жарық көрді
1 қазан, 2023 жылы Микронезия филиалының комитет мүшесі Карлито Дела Круз чуук тілінде “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасының” жарық көргенін қуана хабарлады. Микронезияның Чуук аралында өткен арнайы кездесуге 83 адам қатысса, 435 адам бағдарламаны видеоконференция арқылы тыңдады, олардың ішінде Гуамдағы және АҚШ-тағы чуук тілді топтар мен қауымдар бар. Шыққаны хабарлаған соң-ақ сандық нұсқасы да жүктеуге дайын болды. Ал баспа түрі 2024 жылдың қаңтар айында шығады.
Чуук тілінде көбіне Чуук аралындағы тұрғындар сөйлейді. Бұл арал Тынық мұхитының батысында орналасқан және Микронезияға кіреді. Ехоба куәгерлері діни әдебиеттерін чуук тіліне 1978 жылы аудара бастаған. Бүгінде чуук тілінде Чуук аралында 2 қауым, Гуам аралында 1 қауым, АҚШ-та 1 қауым, 3 топ және 1 сынама топ бар. Барлығын қосқанда аталған жерлерде 180-дей бауырлас қызмет етеді.
Чуук тілінде біздікінен бөлек Киелі кітаптың басқа да аудармалары бар, әйтсе де көбінде Құдайдың Ехоба деген есімі жоқ. “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасында” Құдайдың есімі тиісті орындарына қойылып шықты. Дела Круз бауырлас былай деді: “Чуук тілінде сөйлейтін көптеген адам осы аударманың арқасында Ехобаның есімін біліп қана қоймай, оны жақыннан танып, дос болады”.
Чуук тілінде “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасының” жарық көргеніне біз қатты қуанамыз. Енді “мәңгі өмірге ыңғай танытқандар” Ехоба жайлы білім ала алады (Елшілердің істері 13:48).