Мазмұнға өту

Едо (сол жақта) және есан (оң жақта) тілдерінде шыққан “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасын” алғандарына бауырластар шат-шадыман)

28 ЖЕЛТОҚСАН, 2023
НИГЕРИЯ

“Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” едо және есан тілдерінде жарық көрді

“Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы” едо және есан тілдерінде жарық көрді

Нигериядағы филиал комитеті бірінен соң бірі өткен екі аймақтық конгресте “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасын” жергілікті екі тілде шығарды. “Шыдамды болайық!” атты осы конгресс Нигерияның Бенин және Агбор қалаларында өтті. 2023 жылдың 8 желтоқсанында Арчибонг Ебити бауырлас “Мәсіхшілердің грек жазбалары” едо тілінде жарық көргенін хабарласа, 15 желтоқсан күні Малкольм Холлс бауырлас есан тілінде шыққанын хабарлады. Сол конгрестерде “Мәсіхшілердің грек жазбаларының“ баспа түрі таратылды. Бауырластар сондай-ақ оның сандық нұсқасы мен аудио жазбасын да жүктей алды.

Едо

“Мәсіхшілердің грек жазбалары” едо тілінде жарық көрген конгреске 1678 адам келді. Дүниежүзінде шамамен екі миллион адам едо тілінде сөйлейді. Нигерияда едо тіліндегі 23 қауымда 900-ден астам бауырлас қызмет етеді. 2014 жылы едо тіліне аударатын топ құрылды. Сол жылдан бері едо тіліндегі әдебиеттер jw.org сайтымызда жарық көре бастады.

Едо тілінде Киелі кітаптың басқа да аудармалары бар, әйтсе де оларды табу қиын және өте қымбат. Олардың көбінде Құдайдың Ехоба деген есімі жоқ және өте көне тілде жазылғандықтан түсіну де қиын. Ехобаға 50 жыл адал қызмет етіп келе жатқан 74 жастағы Пейшенс Изевбува бауырлас былай дейді: “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасын” алғаныма сондай бақыттымын! Қуанышымда шек жоқ!”

Есан

Есан тілінде өткен конгреске 692 адам қатысты. Нигерияда шамамен бір миллион адам есан тілінде сөйлейді және сол тілдегі 10 қауымда 640 бауырлас қызмет етеді.

Бұған дейін “Мәсіхшілердің грек жазбалары” есан тілінде мүлдем болмаған. Сондықтан бауырластар “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасын” ағылшын тілінде оқитын. Қорынттықтарға 2-хат 4:7-де жазылған “осы қазынаны қыш ыдыстарда сақтаймыз” деген сөздерге қатысты бір әйел бауырлас былай деді: “Осы сөздерді ағылшын тіліндегі Киелі кітаптан оқығанда мағынасын түсінбейтін едім. Ал есан тіліндегі “Жаңа дүние аудармасында” бұл былай берілген: “Біз қыштан жасалған ыдыс болсақ та, Құдай бізге осы бағалы қызметті тапсырды”. Бұл тармақты мен енді жақсырақ түсіндім және ондағы сөздер менің жүрегіме жетті. Неткен тамаша сыйлық!”

Біз “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасын” едо мен есан тілінде алған бауырластардың қуанышына ортақпыз. Сондай-ақ осы екі аударма көптеген адамға “шындық жайлы тура білімге” ие болуға көмек болсын деп дұға етеміз (Тімөтеге 1-хат 2:3, 4).