Мазмұнға өту

Александр түрмеден босап шыққан кезі

8 ҚАРАША, 2023
РЕСЕЙ

Александр Шевчук бауырлас түрмеден босап шықты

Александр Шевчук бауырлас түрмеден босап шықты

2023 жылдың 3 қарашасында Александр Шевчук бауырлас оған шығарылған үкім жазасын өтеп, түрмеден шықты. 2019 жылы оны 5 ай тергеу изоляторында ұстады, ал 2022 жылдың 25 тамызында ол айыпты деп табылып, түрмеге қамалды.

Балалар Александрды қарсы алып жатыр

Түрмеге жабылмас бұрын, Александр бауырлас оған мұңаймауға не көмектесетінін айтып бөлісті. Ол былай деді: “Мен үшін маңыздысы — сотта жеңіп шығу емес, Ехобаға адал болып қалу. Сол себепті, сот қандай шешім шығаратынын ойлап, қатты уайымдамаймын. Менің мақсатым — мейлінше көп адамға куәлік беру. Осыны ойда ұстағаным, жағдайыма қуанышпен қарауға көмектеседі”.

Сондай-ақ Александр бауырлас Зәбүр 91:15-гі сөздер оған жұбаныш беретінін айтты. Онда Ехоба адал қызметшісіне былай дейді: “Ол мені шақырады, ал мен жауап қатамын. Қиын шақтарда қасынан табыламын. Мен оны құтқарып, мерейін асырамын”.

Александр отбасында сенімі үшін қуғынға кезіккен жалғыз Куәгер емес. 1951 жылы Сібірге айдалған 10 000-дай Ехоба куәгерінің арасында, оның арғы апасы мен арғы атасы болған. Оның ата-анасы да Сібірде туылған.

Бізге Александр бауырластың, оның отбасының және қудалауға қарамастан Ехобаға адал болып қалған барлық бауырластардың мысалдары жігер береді (Салоникалықтарға 1-хат 1:2, 3).