Мазмұнға өту

Ресей соты Алексей Мецгер бауырласты кінәлі деп тауып, оған айыппұл салды

21 ҚАРАША, 2019
РЕСЕЙ

Алексей Мецгер бауырласты 3 жылға түрмеге қамауды сұраған прокурордың өтінішін Ресей соты қанағаттандырмады, бірақ бауырласымызға 350 000 рубль айыппұл салды

Алексей Мецгер бауырласты 3 жылға түрмеге қамауды сұраған прокурордың өтінішін Ресей соты қанағаттандырмады, бірақ бауырласымызға 350 000 рубль айыппұл салды

2019 жылдың 14 қарашасы, бейсенбі күні Перьмдегі Орджоникидзевский облыстық соты Алексей Мецгер бауырласты кінәлі деп тауып, оған 350 000 рубль (шамамен 5 460 АҚШ доллары) айыппұл салды. Алексей бауырлас заңсыз ештеңе істеген жоқ. Жай ғана тыныш жағдайда Құдайға ғибадат етіп, Құдай жайлы өзгелерге айтқаны үшін, оған экстремистік іс-шарамен айналысты деген жалған айып тағылып, кінәлі деп табылды. Ол — Ресейдегі осындай жағдайға кезіккен биылғы 12-нші бауырлас. Мецгер бауырластың адвокаты соттың бұл шешімін апелляцияға береді.

2019 жылдың 25 сәуірінде Мецгер бауырласқа қарсы Ехоба куәгері болғаны үшін қылмыстық іс ашылды. Оның адамдармен діни тақырыптарға әңгімелескені жасырын түрде жазылып, дәлел ретінде қарастырылды.

Сот 2019 жылдың 14 қазанында басталды. Қалалық прокурор Мецгер бауырласты үш жылға бас бостандығынан айыруға қатысты өтініш жасады. Сот Мецгер бауырласты түрмеге қамамаса да, оны бәрібір айыпты деп тапты. Бұған біз алаңдаулымыз, өйткені бұл үрдіс болашақта басқа да көптеген бауырластардың өз ұстанымдары үшін сотпен қудалануына әкеп соғуы мүмкін.

Билік иелері Ресейдегі бауырластарымызды еш себепсіз қудалап жатса да, Ехоба бұл бауырластарды әрдайым жұбатып күш беретініне сенімдіміз (Зәбүр 119:76, 161).