18 ҚАЗАН, 2024
РЕСЕЙ
“Ехоба мені жарылқайды”
Выселковский аудандық соты жақында Василина Пенская бауырластың ісі бойынша шешім шығарады. Прокурор қандай жаза сұрайтыны әлі белгісіз.
Қысқаша мағлұмат
Ехоба қудаланып жатқан әрбір қызметшісі туралы білетіні қандай керемет! Ол осындай қызметшілеріне: “Еңбегіңнің қызығын көресің”,— деп уәде етеді (Еремия 31:16).
Істің барысы
13 ақпан, 2022
Василинаның үйіне тінту жүргізілді
23 мамыр, 2023
Қылмыстық іс қозғалды. Оған адамдармен Киелі кітапты талқылап жүр және Ехоба куәгерлерінің бейбіт діни жиындарына қатысады деген айып тағылды. Банктегі есепшоты бұғатталды.
18 шілде, 2023
Василинадан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
31 қаңтар, 2024
Сот ісі басталды.