Мазмұнға өту

Солдан оңға: Александр Собянин, Владимир Тимшкин, Владимир Полтораднев

12 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
РЕСЕЙ

“Ехоба әрқашан көмекке келеді!”

“Ехоба әрқашан көмекке келеді!”

18 тамыз 2023 жылы Перьм өлкесінің Соликамск қалалық соты Владимир Полтораднев, Александр Собянин, Владимир Тимшкин бауырластарды айыпты деп тапты. Оларға 638 000 рубль (6 787$), 494 000 рубль (5 255$ ) және 512 000 рубль (5 447$) көлемінде айыппұл салынды. Қазір оларға түрмеге отыру шарт емес.

Қысқаша мағлұмат

Ехобаға толықтай сенім артатындар оның айнымас сүйіспеншілігіне кенелетініне еш күмән жоқ (Зәбүр 13:5, 6).

Істің барысы

  1. 28 шілде, 2020

    Бауырластардың үйлеріне тінту жүргізілді. Үш бауырлас та уақытша ұстау изоляторына қамалды

  2. 29 шілде, 2020

    Владимир Тимшкин бауырлас уақытша ұстау изоляторынан үйқамағына ауыстырылды

  3. 30 шілде, 2020

    Александр бауырлас уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Оған елден шығуға тыйым салынды

  4. 31 шілде, 2020

    Владимир Полтораднев уақытша ұстау изоляторынан үйқамағына ауыстырылды

  5. 24 қыркүйек, 2020

    Владимир Полтораднев үйқамағынан босатылды. Оған елден шығуға тыйым салынды

  6. 26 қазан, 2020

    Владимир Тимшкин үйқамағынан босатылды. Оған елден шығуға тыйым салынды

  7. 16 мамыр, 2023

    Қылмыстық сот іс басталды

a Владимир Тимшкин бауырластан сұхбат алуға мүмкіндік болмады.