Мазмұнға өту

Николай Воищев бауырлас

27 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
РЕСЕЙ

Николай Воищев бауырлас үш жылға қамалды

Николай Воищев бауырлас үш жылға қамалды

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Адыгея Республикасының Майкоп қалалық соты Николай Воищев бауырласты айыпты деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол 2022 жылдың 20 қазанынан бері түрмеде отыр.

Қысқаша мағлұмат

Николай бауырластың түрмеге жабылғаны біздің көңілімізді түсірсе де, Ехоба оған да, қиындық көріп жүрген барлық бауырластарға да жігер беріп, жұбататынына сенімдіміз (Зәбүр 119:76).

Істің барысы

  1. 19 қазан, 2022

    Қылмыстық іс қозғалды

  2. 20 қазан, 2022

    Үйінде тінту жүргізілді. Николай бауырлас тергеліп, уақытша ұстау изоляторына жабылды.

  3. 21 қазан, 2022

    Тергеу изоляторына ауыстырылды

  4. 11 қаңтар, 2023

    Николай бауырластың денсаулығы нашар болғандықтан, судьядан оны үйқамағына ауыстыруға өтініш жасалды. Бірақ бұл өтініш мақұлданбай, Николай бауырлас тергеу изоляторында қалды

  5. 25 қаңтар, 2023

    Қылмыстық іс басталды

  6. 14 қыркүйек, 2023

    Айыпты деп табылып, үш жылға сотталады

a Николай бауырлас тергеу изоляторында болғандықтан, одан сұхбат алу мүмкін болмады.